8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Желтоқсан 2019 1718 0
Қоғам

КУРСҚА ҚАТЫСҚАН АЛТЫ ҚЫЗМЕТКЕР ЖОҒАРЫ ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, кадрлық потенциалын нығайту және арттыру мақсатында Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы курстар өткізеді.

Биыл академияның өкілі А.Аманқұловтың қатысуымен  Батыс Қазақстан облысының прокуратурасында 7 оқыту курсы өткізілді. Оған 88 қызметкер қатысты. Олардың алтауы экономикалық тергеу департаментінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мамандары.

Оқу процесіне тәжірибемен алмасу үшін судьялар, прокурорлар, адвокаттар, сарапшылар және тергеушілер де шақырылды. Сонымен қатар 33 жас маманға «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі», «Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімі», «Е-қылмыстық іс», «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» және «Oracle BI» ақпараттық-талдамалық жүйелері онлайн режимде түсіндірілді.

Сынақтан өткеннен кейін қызметкерлерге курсты аяқтағанын растайтын сертификаттар табысталды.

БҚО Прокуратурасының өкілі Б.Ахметжанның мәліметінше, курстарға қатысқаннан кейін прокуратураның алты қызметкері жоғары лазауымға тағайындалған.

Біліктілікті арттыру курстары қызметкерлердің дағдыларын жетілдіруге және кәсіби кадрлық құрамды қалыптастыруға септігін тигізетіні сөзсіз.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
55 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
103 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
58 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
287 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»