8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қараша 2019 2547 0
Өзек

ҚАТЕЛІК КІМНЕН?

Оралда жол апатынан қаза тапқан 10 жасар қыздың сүйегін мәйітханада шатастырып, басқа біреулерге беріп жіберген. Батыс Қазақстан облысы бойынша сот сараптамалары орталығының директоры Олжас Дүйсенбаев оқиға болған күні жұмыста болған санитарды жұмыстан шығарып, екі қызметкерге қатаң сөгіс бергенін мәлімдеді.

Айару Ермектің әкесі Асылхан Қазиев мәйітханаға қызының сүйегін алуға 21 қараша күні сағат 17.00 шамасында барған. Мәйітхана қызметкерлері қыздың сүйегін Бөкей ордасы ауданынан келіп, алып кеткенін мәлімдейді. Жығылғанға жұдырық бұл жаңалық еңсесі онсызда түскен отбасын одан әрі есеңгіретіп жіберген. Бұл туралы жергілікті блогер Айболат Бөкеновтың фейсбук парақшасындағы жазбада жарияланды. Мәселенің мән-жайын білмек ниетте сот сараптамалары орталығының есігін қақтық. Директор өз қызметкерлерінің салғырттығын жасыра алмады.

Қаза тапқан Айару Ермек – Бөкей ордасы ауданынан шыққан елге танымал, өнерлі әулеттен. Атасы Ермек, әкесі Асылхан Қазиевтер – белгілі домбырашылар, анасы Әсел Дәулетова – «Ақжайық» би ансамблінің жетекшісі. Айарудың өзі де бимен, гимнастика, каратэмен айналысқан, талабы зор бүлдіршін болған. Осы орайда облыс әкімі Ғали Есқалиев облыстың кезекті сессиясында әулет мүшелеріне көңіл айтты. Қала көшелерін жарықтандыру ісінде кеткен кемшіліктер үшін Орал қаласының әкімі Абат Шынбековке сөгіс берілді.

Еске сала кетейік, 20 қараша күні кешкі сағат 20.45-те «Бәйтерек» шағынауданындағы Нұр көшесінде белгісіз жүргізуші  2009 жылғы қыз баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен болатын. Өкінішке орай, 10 жасар қыз бала жедел жәрдем қызметі жеткенше, көз жұмған. БҚО Полиция департаментінің жүргізген жедел-іздестіру шаралары арқылы автокөлік анықталып, күдікті ұсталды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
57 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
97 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
382 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
400 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
376 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
419 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»