8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қараша 2019 2061 0
Өзек

САУДА ҮЙЛЕРІНДЕ ҰРЛЫҚ КӨБЕЙДІ

Жыл басынан бері Орал қаласы аумағында орын алған 3 197 ұрлық фактісі тіркелген. Олардың басым бөлігі, яғни 33 пайызы – ұялы телефон ұрлығы. 

Орал қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция майоры Жәнібек Дүйсемовтың мәліметінше, ұрлық көбіне адамдар көп жиналатын жерде болады. Соның ішінде сауда үйлерде жиі орын алып отырғанын атап өту керек.

– Көпшілік өздерінің жеке заттарына бейқам қарайды. Осы орайда, ұрлықшылар адамдардың алаңғасарлығын пайдаланып кететін жайттар аз емес. Жыл басынан бері сауда үйлерінде 174 ұрлық орын алды. Оның 65-і ұялы телефонның ұрлануына қатысты. Нақтырақ айтсақ, «City Center» сауда ойын-сауық орталығында 55 ұрлық, «Адал» сауда үйінде – 27, «Орал» сауда ойын-сауық орталығында – 13, «Атриумда» – 11, «Азизада» – 11, «Asia Mall» сауда үйінде — 10, «Аяжанда» — 8, «Московскийда» — 7, ТЦ «Alem Plaza» сауда үйінде — 6 ұрлық фактісі тіркелді, – дейді полиция майоры Жәнібек Рахымұлы.

Қазіргі уақытта қоғамдық көліктерде жолаушылардың ақпараттануы үшін қалта ұрлықшыларының қаупі туралы жадынамалар мен қылмыскерлердің фотосуреттері ілінген. Енді қала әкімдігі мен жергілікті полиция қызметі дәл осындай ақпараттық жадынамаларды сауда үйлеріне орналастыруда.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
113 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
88 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»