ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНЫҢ КӨМЕКШІЛЕРІ КӨБЕЮДЕ
Орал қаласы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі мен «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясында «Жас тәртіп сақшысы» атты форумы өтті.

«Жас тәртіп сақшысы» студенттік жасағы 2006 жылдан бастап құрылған болатын. Бүгінде жасақ құрамында жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған жетпістен аса ерікті бар. Олар қылмыспен күресу жолында тәртіп сақшыларына көмектесіп, өз үлестерін қосып келеді. Форум аясында құқықбұзушылықпен күресуде белсенділік танытқан 15 ерікті жас және олардың командирлері Орал қ.ПБ бастығы және «Жас қанат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы атынан Алғыс хатпен марапатталды. Ниет білдіруші 50 ерікті жасақ құрамына қабылданып, куәлік табыс етілді.
Орал қ.ПБ бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Жантемір Иманалиевтың айтуынша, бүгінгі күні әр жоғары оқу орнында құрылған студенттік жасақтың еріктілері учаскелік инспекторлармен бірге қоғамдық тәртіпті қадағалау, «Қауіпсіз аула» бейнебақылау жүйесіне кезекшілік жасау, оқу орны аумағында тәртіптің сақталуын бақылау жұмыстарына етене араласып келеді.
Айта кетейік, «Жас тәртіп сақшысы» қатарына 18 жасқа толған оқу орындарының студенттері қабылданады. ҚР 2004 жылғы 9шілдедегі №50 «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы» заңына және ҚР ІІМ-нің 2004 жылғы 27 қарашадағы №641 бұйрығына сәйкес бұл азаматтар бұған дейін қылмыстық жауапқа тартылмаған, қасақана әкімшілік-құқықбұзушылық жасамаған болуы тиіс. Сондай-ақ наркологиялық және психодиспансерлік есепте болмауы ескеріледі. Азаматтық борышын орындаудағы ерекше еңбегі және ерлік пен жігер көрсеткен жасақ мүшелері қаржылай немесе мадақтамамен ынталандырылады.




Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу