120 МЫҢНАН АСТАМ КӨЛІК ТАПСЫРЫЛДЫ
Ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасына 3 жыл толды. Осы аралықта құнын төлеу және сертификат бағдарламалары бойынша 121 477 автокөлік жоюға тапсырылған. Тозығы жеткен көлігін өткізген қазақстандықтарға 11,5 млрд теңге қаражат төленіпті.

ӨКМ Операторы баспасөз қызметінің мәліметінше, сертификат бағдарламасы бойынша 44 226 автокөлік қабылданған. Табысталған сертификаттың 38 528 отандық өндірушіден 20 646 су жаңа автокөлік сатып алуға пайдаланылды.
Ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасы бойынша аймақтардан жиналған автокөліктер Қарағанды облысындағы зауытқа жеткізіледі. Істен шыққан көлік құралдары сол жерде қайта өңделеді. Қазіргі таңда зауыт іске қосылғаннан бері 102 мың көлікті қайта өңдеді.
Тозығы жеткен көлік құралдарын қабылдау бағдарламасының басты мақсаты – отандық паркті жаңарту, автокөліктерден экологияға шығатын улы газдар көлемін азайту. Сондай-ақ қазақстандық автоөндірісті ынталандырып, қайта өңдеу саласының инфроқұрылымын қалыптастыру басым бағыттардың бірі болып саналады.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу