8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Қараша 2019 1684 0
Өзек

10 АЙ ІШІНДЕ 2765 ОТАУ ҚҰРЫЛЫП, 1196 ШАҢЫРАҚ ШАЙҚАЛДЫ

Соңғы жылдары елімізде ажырасу мәселесі өзекті болып тұр. Статистикалық мәліметтер бойынша жыл сайын құрылған әр үшінші отбасы бұзылуда. Орал қаласында да ажырасқандар өткен жылғыдан 6 пайызға көбейген. Бұл жағдай қала  әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысында мәлімделіп, отбасы рөлін арттыру жайы талқыланды. Аталмыш комиссия мүшелері, отбасы рөлін арттыру бойынша құрылған қалалық жұмыс тобы, үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысқан басқосуға қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов төрағалық жасады.

Биыл қала бойынша 2765 отау құрылды. Әйткенмен, 1196 шаңырақ бұзылған. 2016 жылдан бері қала әкімдігінің тапсырысы негізінде жастар арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау жұмыстарын жүргізген «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Г.Мұштанованың айтуынша, көп жағдайда ажырасудың басты мәселесі – жастардың отбасылық өмірге дайын болмауы. Отбасының бұзылуы тек тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан емес, жұмыссыздық, пайда болған отбасылық мәселелерді шеше алмау да себеп. Келіспеушілік туындаған жағдайда ерлі-зайыптылар сотқа жүгінгенді жөн санайды.

Биылдан бастап қала әкімдігінің бастамасымен ажырасу үшін талап арызбен жүгінген ерлі-зайыптыларды қайтадан жарастыру және отау құруға ниеттенген жастардың қалыптасуына ықпал ету мақсатында арнаулы кабинеттер ашылып, психологтар жұмыс жасай бастады. Қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың келтірген мәліметтеріне сүйенсек, маусым-қараша айлары аралығында АХАТ бөлімінде 19 тренинг, №2 қалалық сотта 11 кезекшілік ұйымдастырылып, отбасы кабинетінде 82, АХАТ бөлімінде 260 адам, психолог кабинетінде 21 жұп кеңес алған.  Қазіргі уақытта жобаны жүзеге асырушы «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігі «Жас отбасыларға арналған жадынама» дайындауда. Бұл жадынамалар АХАТ бөлімінде өткізілген тренингтерде болашақ ерлі-зайыптыларға таратылмақ. Жоба шеңберінде некесін бұзуға арыз берген жандармен тікелей жұмыстанып жүрген психолог Альфия Науанова бірнеше мысалдар келтіріп, ерінің әйелге қысым көрсетіп, күш қолдануы азаймай тұрғанын атап айтты. Ішімдікке салыну, құмар ойындарға бейім болу да шаңырақтың шайқалуына әкелуде.

– Ер азаматтар әйелге қол көтеруді қалыпты жағдай  деп түсінеді. Сөздеріне мән берсек, оның ата-анасы да бір-бірімен жиі кикілжіңге келіп, анасының таяқ жейтін кездері аз болмаған. Отбасында зорлық-зомбылық көрсетіп жүрген ер адамдардың мінездері, түсініктері осындай. Бір мәрте өтетін психологиялық кеңеспен олардың ойларын өзгерту мүмкін емес. Ал келісімдері болған жағдайда кемінде бір жылдық ем қажет,   – дейді психолог.

Биыл құқық қорғау органдарында әйелдерге қатысты 765 құқықбұзушылық тіркелген. Олардың үшеуінде әйел адам қайтыс болып, қасақана адамның денсаулығына зиян келтіру бойынша 4 дерек, зорлаудың 14 жағдайы анықталыпты. Бұл оқиғалардың орын алуына да көп жағдайда отбасындағы ұрыс-керіс, нашар қарым-қатынас, ерлі-зайыптылар арасындағы қызғаныш, спирттік ішімдік себеп болып отыр. 10 айдың ішінде зорлық-зомбылық құрбандарына қызмет көрсетуге арналған дағдарыс орталығында 23 әйел мен олардың балаларына көмек көрсетілген.

– Ажырасқандар отбасын құрғандардың жартысына жетерліктей болып отыр. Бұл отбасы құндылығының құлдырап бара жатқанын көрсетеді. Бұл әрқайсымызды ойландыруы керек. Қала бойынша ауқымды жұмыстар жасалуда. Десек те, шаралардың өткізілу формасын өзгерткен жөн шығар. Отбасылық құндылықты арттыру бойынша жасалып жатқан жұмыстар мардымсыз болып отыр. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген бар, ананың тәрбиесін көрмей өскен, отбасындағы тәрбиені дұрыс алмаған баладан үлгілі отағасы, ибалы отанасы шықпайды. Тал бесіктен басталатын тәрбие қыздың да, ұлдың да болашағына ықпал етеді, – деген облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Шалқыма Құрманалина құрылған жұмыс тобы, ақсақалдар және аналар кеңесі мүшелерінің қолайсыз отбасылармен мекенжайлық жұмыстар жүргізуі қажеттігін ұсынды.

«Отбасы – шағын мемлекет» десек, демек ол «үлкен» мемлекеттің тұ­ғыры, діңі, іргетасы. Оның ұйыт­қысы – отағасы немесе отанасы. Сол себепті  қандай жағдай болса да олар жанұяның өзіндік бейнеті мен проблемаларына төзіп, сабыр ете білуі керек. Отбасылардың ойраны арадағы бала тағдырының тәлкекке түсуіне де әсер ететіні анық. Ал бала тағдыры – ата-ана үшін ең үлкен жауапкершілік.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
305 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
286 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
595 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
1068 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1440 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1275 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1799 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2420 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2583 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2588 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2641 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2647 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2190 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3122 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3175 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3167 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3789 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3751 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3744 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3716 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3878 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»