8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Қазан 2019 15005 0
Қоғам

АБАЙ МЕН ПУШКИН ҮНДЕСТІГІ

Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, БҚО  әкімдігінің қолдауымен, «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің ұйымдастыруымен «Абай Құнанбаев пен Александр Пушкин – Еуразия халықтарының тілін, мәдениетін және ұлттық бірегейлігін ұлықтаушылар мен дәріптеушілер» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысына қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Орал қаласындағы Ресей Федерациясының бас консулы Андрей  Батманов, қазақстандық және ресейлік оқу орындарының профессорлар мен оқытушылар құрамы, мектеп директорлары мен ұстаздары және студенттер қатысты.            

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және Жастар жылы аясында қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаевтың 175 жылдығы мен Ресей халқының ұлы ақыны А.Пушкиннің 220 жылдығына орай және жастарды ғылымға тартуға ықпал ету мақсатын көздеген конференцияны жүргізген «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының БҚО филиалының төрағасы, профессор Ақсерік Әйтімов:  – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаев «Ұлы Абайдың мұрасы рухани жаңғырудың маңызды бағдарына айналуы қажет. Дана Абайдың танымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу – басты мақсатымыз» деп атап өтті. Ұлы Абай қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің символы. Абай шығармашылығы адамзат даналығының таусылмас қазынасы.  Еліміздің барлық халықтары тәрізді қазақ халқының да Александр Пушкинге деген ілтипаты ерекше. Екі ел арасындағы дәстүрлі достықты дәнекерлей түсетін оқиғаның бірі – А.Пушкиннің Орал қаласына келуін Жайық өңірі ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, зор мақтан етеді, – дей келіп, екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты ту етіп жүрген форум қонақтарын таныстырды.  Конференцияны пленарлық мәжілісін салтанатты түрде ашқан Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов  еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған халықаралық конференция жұмысына сәттілік тілеп, Жастар жылы шеңберінде Абай мен Пушкиндей екі халықтың ұлы достығын дәріптеу мақсатында осындай маңызы зор шара өткізіп жатқан «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің басшысы, профессор, академик, облыстық Қоғамдық кеңестің хатшысы, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ақсерік Сарыұлына үлкен ризашылығын білдірді.  – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, 2020 жыл қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтіледі. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығы мен орыс халқының ұлы ақыны Александр Пушкиннің 220 жылдығы аясында өтіп жатқан бүгінгі шараның маңызы зор. 19 ғасырда өмір сүрген екі ұлы ақынның бір-бірімен шығармашылық жақындығы, поэзиядағы ақындық өнер үндестігі – қазақ халқы мен орыс халқының терең достығынан, екі елдің алдында тұрған озат арманынан туды. Қазақтың қалың бұқарасына Абай орыс, еуропа классиктерін Гете, Байроннан бастап, орыстың классигі Пушкинді аудару арқылы орыс халқының сезімі мен ойларын жеткізді. Абайдан бастап орнаған орыс әдебиетінің ықпалы үлгі-өнеге болып, қазақ әдебиетінің тарихында кең өріс алып,  дами берді. Кемеңгер екі ақын екі ұлттың әдебиетін қалыптастыруға зор үлестерін қосты. Оны біз, әрине Пушкиннің тұңғыш поэмасы «Руслан мен Людмила», «Евгений Онегин» романдары арқылы көреміз. Осы романдар және өзге де шығармаларын ғылыми орта, зиялы қауым «орыс өмірінің энциклопедиясы» деп атайды екен. А.Пушкин Орал қаласында болған кезінде «Капитан қызы» атты повесін жазды. «Евгений Онегин» шығармасының үзінділерін қазақ тіліне аударғанда Абай Пушкиннен аударма  жасамай, оның орнына Пушкиннің ізімен жаңаша жырлайды. Сондай-ақ «Татьянаның хаты» қазақ еліне кең тарады. Осыған дейін де Ресейде Абай жылы, Қазақстанда Пушкин жылы аталып өткен болатын. Мәскеуде қазақтың ұлы ақыны Абайға ескерткіш қойылса, елімізде Пушкиннің ескерткіштері барша қалада бар десек, қателеспейміз. Орал қаласының өзінде Пушкин саябағы, мұражайы, екі мүсін, үлкен ескерткіш бар. Ал Нұр-Сұлтан қаласының қақ төрінде Пушкинге ескерткіш орнатылған. Бүгінде қазақ халқының Абай бастаған барлық ұлы жазушы, суретші,  композитор,  ғалымдарымыз Пушкинді Абай арқылы таниды, – дей келіп,  бүгінгі Еуропа мен Азияның тоғысқан жері Орал қаласында маңызды шараның өтуінің орны ерекше екенін атап өтті.

Конференция барысында сөз алған Ресей Федерациясы мемлекеттік думаның білім және ғылым комитеті жанындағы сараптама кеңесінің мүшесі, «Еуразия экономикалық одағын қалыптастырудағы әлеуметтік-саяси мәселелер жөніндегі» Ресей ғылым академиясының Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің ғылыми кеңесінің мүшесі Людмила Орлова, «Эврика» білім беру саясаты мәселелері институты» АКЕҰ директорының орынбасары Елена Осипова ұлы тұлғалардың қанша ғасыр өтсе де әлемнің екі шамшырағы болып, сан жүректің адамгершілігін оятып қала беретінін жеткізді.   Жиында Мәскеу қалалық педагогикалық университеті Самара филиалының педагогика кафедрасының меңгерушісі Игорь Носков «Абай Құнанбаевтың ұлттық, еуразиялық және әлемдік кеңістіктегі тұлғалық ауқымы және талантының көп қыры», ҚазИИТУ-дың аға оқытушысы Мейрамгүл Хасанова «Абай мен Пушкин үндестігі», М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың қауымдастырылған профессоры Рита Сұлтанғалиева «Ілім мен білім, адамдықтың шырақшысы ұлы Абайды ұлықтау – ұлттық парызымыз» тақырыптарында баяндама жасады. Конференция барысында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті мен «Эврика» білім беру саясаты мәселелері институты» АКЕҰ  арасындағы ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Түстен кейін конференция жұмысы секциялық және педагогикалық шеберлік жұмыстарына жалғасты.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
154 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
184 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
439 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
919 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1296 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1180 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1655 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2273 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2436 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2445 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2496 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2499 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2096 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2978 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3030 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3025 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3642 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3607 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3598 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3573 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3734 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»