Достық карнавалы
Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тойына орай облыс әкімдігі мен БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының «Этностар күні» жобасын шаһарымыздағы неміс ұлтының өкілдері жалғастырды. 13 қараша күні Достық үйінде «Хаймат» неміс этно-мәдени орталығының ұйымдастыруымен Fasching карнавалы өтті.
Fasching карнавалы – христиан оразасының алдында келіп, бір апта тойланатын дәстүрлі қуаныш пен шаттық мерекесі. Германияның қалалары мен қыстақтарында мереке 11-айдың 11-жұлдызында, сағат 11-ден 11 минут кеткенде басталады. Тұрғындар өз үйлерін, дүкендерді, мейрамханаларды безендіріп, кіреберіске сабаннан жасалған карнавалдық қуыршақтар іледі. Көшеге түрлі бейнеде киініп шыққан халық бір-біріне тәтті тағам ұсынады.
Достық үйінде өткен мереке дәл осындай көріністермен басталды. Жиналғандар немістердің ұлттық тағамдарынан дәм татып, Вольдорф бағытындағы мектеп-гимназиясы оқушыларының қолөнер бұйымдарын тамашалады. Бағдарлама шымылдығын БҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Александр Әжіғалиев ашты. – Елбасы тапсырмасымен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесі қарсаңында пайдалануға берілген Достық үйі өңіріміздегі ұлт өкілдерінің ортақ мекеніне айналды. Еліміздегі бірлік пен ынтымақтың арқасында осындай жетістікке жеттік. Соның бір дәлелі – достық шаңырағында неміс ұлтының карнавалын бірлік пен татулықта атап өтуіміз, – деді Александр Құмарұлы.
Мерекелік құттықтау лебізін «Хаймат» неміс этно-мәдени орталығының төрағасы Эдуард Фрицлер, Вольдорф бағытындағы мектеп-гимназиясының кураторы Элке Винтер жалғады. Германияның Хаген қаласынан келген Э.Винтер жылы қабылдап қонақжайлық танытқан оралдықтарға ризашылығын білдірді.
Бұдан әрі кеш Вольдорф бағытындағы мектеп-гимназиясы оқушылары, «Адажио» ансамблі, мектептен тыс жұмыстар орталығы ұсынған концерттік бағдарламамен жалғасты. Әр түрлі костюммен мереке ортасынан табылған әртістер карнавалдың әр күніне сай ойындарға қатысып, келушілердің көңілдерін көтерді.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Наталья МИТРЯНСКАЯ, «Хаймат» неміс этно-мәдени орталығының өкілі:
– Карнавал Германияда бесінші жыл мезгілі ретінде қабылданады. Бейсенбіден сәрсенбіге дейін тойланатын карнавалдың әр күнінің өзіне тән ерекшелігі бар. Бір апта бойы немістер әр түрлі сауық кештері, костюмді шерулер арқылы дәстүрлерін әр қырынан көрсетеді. Мәселен, бейсенбі – әйелдер күні. Бұл күні нәзік жандар үшін барлығына рұқсат. Дәстүрге сай әйелдер ерлермен әзілдесудің түрлі әдістерін қолданады. Ер адамадар оған ренжімеуі тиіс. Жылдар бойы сақталған дәстүрлі әзілдердің бірі – ерлердің галстуктарын қию. Яғни көшеде, мейрамханада, концертте кездескен кез келген ер адамның галстугын кесіп алуға болады.
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу