ЗАШАҒАНДА ЗАМАНАУИ КІТАПХАНА АШЫЛДЫ
Қала күні қарсаңында Зашаған кентінде орналасқан Орал қалалық орталықтандырылған №5 кітапхана филиалы күрделі жөндеуден өтіп, тың жобамен өз оқырмандарын қуантты. Алғаш рет кітапхана қабырғасында Коворкинг орталығы ашылды. Шараның салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Абат Шыныбеков, зиялы қауым өкілдері қатысып, кент тұрғындарының қуанышына куә болды.

– Баршаңызды Қала күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мереке аясында көптен жоспарлап жүрген игілікті шаралардың бастауын қала іргесіндегі кентте кітапхананың ашылуымен бастап отырмыз. Бұл кітапхана осы жердегі рухани орталыққа айналуы тиіс. Ардагерлеріміз осы орталыққа келіп, келер ұрпақпен тәжірибе бөліссе, кітапхана тек кітап алатын орын емес, рухани азық мекеніне айналады деген ойдамын. Мұнда жастарға да жағдай жасалған. Мұның барлығы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде жасалып жатқан игілікті істердің бірі ғана. Алда тұрған міндет бұдан да жоғары. Осы кітапхананы жаңарту үшін қала күні мерекесі аясында өткізілетін шараларды азайтып, бюджет қаржысын кемітуге тура келді. Мәселен, биыл отшашу болмайды. Отшашуды он бес минут тамашалағанша, осындай рухани орталық халыққа қызмет етсін дедік. Орталық тек кітап беретін абонементтік орталық емес, ғаламтормен жабдықталған, жастар еркін пікірталас орнататын орын. Болашақта кітапхана меңгерушісі коммуникативтік орталықтың жетекшісі ретінде де барлық салаға қызмет ететін маман болуы тиіс. Бірқатар жаңа технологияларды енгізіп жатырмыз. Бұл осы кенттегі болашақтағы үлкен мәдени орталықтардың бастауы болсын, – деді салтанатты ашылу сәтінде сөз алған қала басшысы Абат Абайұлы.
Ақын, ҚР Еңбек сіңірген Мәдениет қызметкері Шолпан Қыдырниязова: – Бүгін Зашаған кентіндегі сәулелі сәттің куәсі болып отырмыз. Қала аумағындағы халқы тығыз орналасқан кентте рухани азығымыздың ұйытқысы болып жүрген, ұрпағымызға заман талабына сай тәрбие беріп отырған ошақ №5 бөлімшенің күрделі жөндеуден кейін іске қосылу сәтіне куә болып тұрмыз. Өзім өмір бойы кітап оқып өстім. Осы үрдісті ұрпағымыздың бойына дарытып, рухани сәулелі тарихи шығармаларға көз жүгіртіп, адами қасиеттерді бойына сіңіру бағытындағы жұмысты жалғастырып отырған мәдени орталық – кітапханалар. Сондықтан елімізде рухани орталықтар көбейсін, ұрпағымызға ұлағатты тәрбие берейік, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырайық, үлкендер бойымызға өрген өнегемізді жас ұрпақтың бойына сіңірейік, адал сөзімізді айтайық, адамдыққа баулиық, соның куәсі осы қуаныш. Қала күнінде осындай қуаныш сыйлаған қала әкіміне алғыс айтамыз. Іргелі істеріңіз ілкімсіз алға жылжи берсін. Халыққа жақындадыңыздар. Халықпен біргесіздер, бұл үлкен жетістік, – дей келіп, алдағы уақытта Зашағанға Мәдениет үйі керегін жеткізді.
Кітапхана меңгерушісі Гүлайым Ақашаеваның айтуынша, қазіргі таңда кітапхананың 4200-ден аса тұрақты оқырманы, 65 мыңнан аса кітап қоры бар. Жаңадан ашылған Коворкинг орталық оқырмандармен етене еркін жұмыс істеуге жасақталған. Яғни, кез келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға, тоғызқұмалақ, дойбы ойнауға зор мүмкіндік туды. Бір сөзбен айтқанда, кітапханаға келушілердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне бар жағдай жасалған. Кітапханадағы коворкинг орталығы арқылы оқырман тегін ғаламтор желісіне кіріп, аталмыш бөлмеде жабдықталған компьютер, планшеттермен қатар өзінің де гаджеттерін пайдалануға, ашық wi-fi пайдалануға, QR-код арқылы онлайн режимде оқуға болатын кітаптармен танысуына болады. Сонымен қатар балаларға арналған бұрыш әр түрлі ойыншықтармен, пуф-кресломен, кітапқа арналған сөрелермен, үстелдермен қамтамасыз етілген. Балалар келіп ойнауына, кітап оқуына немесе сабақ оқуына, не болмаса сүйікті бір ісімен айналысуына болады.
Бұл күні «Елжас» ЖШС өкілі Саида Құрманғалиева заманауи кітапхана қорына 100 жаңа кітапты сыйға тартты.


Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу