8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2017 2134 0
Жалын

№23 9.06.2016 18 түлек – «Алтын белгі» иегері»

Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы Жансұлу Төремұратовамен болған шұғыл сұқбатымызда  біз 2015-2016 жылғы оқу жылының жақсы көрсеткіштеріне көз жеткіздік. «Инемен құдық қаздыратын» білім саласында бұдан басқа да тосын жаңалықтар, тың идеялар, жеңістер мен жемістер көп екен. Жыл сайын дәл осындай маусым айында түлектерін болашақтың ұзақ жолына ақ батамен шығарып салатын аталмыш бөлім  мемлекеттік  сынақтың  бірі  ҰБТ­ арқылы қала мектептеріндегі білім сапасын саралап отыр. 
– Жансұлу Меңешқызы, көзді ашып-жұмғанша тағы бір оқу жылы аяқталды. Өткен жылдың күзінен бері мешіннің алғашқы алты айын қамтыған оқу жылында Орал қаласының білім саласында нендей өзгерістер, жетістіктер болды? 
– Әрине, әр оқу жылын сәтті басталып, сәтті аяқталған оқу жылы деп есептейміз.  2015-2016 оқу жылында  қаламыздағы жалпы 48 мектепті оның ішінде 4 гимназия,  5 лицейді   барлығы 37428 оқушы тәмамдады. Соның 1399-ы  мектеп бітіруші түлектер. Қала бойынша жалпы білім сапасы 59  пайызды құрап отыр. Олимпиадаға қатысушы мектептердің жалпы саны – 45  болса, оның 9-ы мектеп-гимназиялар мен лицейлер,  ал 36-сы жалпы орта білім беретін мектептер болып табылады. Ең көп оқушы қатыстырған мектептер бойынша қарастырсақ,  мектеп- гимназиялар мен лицейлерден:  №35 – 100 (өткен жылы – 103),   №38 МЛ – 37 (өткен оқу жылында – 31), №42 – 34 (өткен жылы – 24), №34 – 33 (өткен жылы – 34),  №41­­– 33 (өткен жылы – 30) оқушы. Жалпы орта білім беретін мектептер арасында №7 – 33  (өткен жылы – 38) оқушы. Былтырғы  оқу жылымен салыстырғанда оқушылардың олимпиадаға  қатысу  санының  төмендегені  байқалады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
134 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
142 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
268 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
533 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
584 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
653 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
679 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
725 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
947 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
963 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
917 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»