800 оқушы жаңа мектепке көшеді «Сарытау» шағынауданынан салынып жатқан білім ұясы қыркүйек айында қолданысқа берілмек.
14 тамыз күні облыс әкімі Алтай Көлгінов «Сарытау» ауданында салынып жатқан мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты.

«Сарытау» шағынауданындағы 900 орындық мектептің құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталған. Нысан құрылысы 2016 жылы басталған болатын. Ұлттық қордан және жергілікті бюджеттен қаржыландырылып отырған құрылыстың жалпы сомасы – 1 888, 1 млн. теңге. Биылғы жылдың маусымынан бастап құрылысты «Жиенбай» ЖШС жалғастыруда. Құрылысты аяқтау үшін жергілікті бюджеттен 186 млн. теңге қаралған.
– Бұған дейін құрылысты жүргізген мердігерден жұмысты 20 маусымда қабылдап алдық. Бізге дейін 60 пайыздай жұмыс атқарылған екен. Бізге үш ай уақыт берілді. Осы мерзім ішінде, яғни 20-25 қыркүйекке дейін тапсыруға тырысамыз. Қазір сылақ сылау, электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде, – деді «Жиенбай» ЖШС-ның бас инженері Боранбай Мерғалиев.
«Жиенбай» ЖШС басшысы Александр Қарағойшин құрылысты жүргізуде, жиһаздарды жеткізуде қаражаттан қиыншылық жоқ екенін және нысанды белгіленген мерзімде тапсыратындарын жеткізді.
Тоғыз блокты мектеп кешенінде 12 оқу сыныбы, 9 әмбебап бөлме, бірнеше мультимедиялық кабинет, екі спорт зал, 294 орындық мәжіліс залы, еңбек сабақтарына арналған шеберханалар болады. Информатика, география, биология кабинеттері лабораторияларымен жабдықталмақ. Қазірдің өзінде сыныптарға жиһаздар әкелінуде. Жоғарғы қабатта желдету құрылғылары, сынып бөлмелеріне қол жуғыштар қойылуда.
Бұл мектеп тапсырылған соң, мұнда 800 бала көшіп келмек. Шағын орталыққа 50 бала қабылданады деп күтілуде. Бірақ, шағынауданда мектеп жасына дейінгі балалар бұдан да көп болса, қосымша төрт топқа орын ашылады. Яғни жаңа мектептің шағын орталығында 150 бүлдіршінді қамтуға мүмкіндік бар. Мектепалды даярлық тобына 100 және 1 мен 11 сынып аралығындағы 600 оқушы көшірілмек. Осылайша, бұл аудандағы үш ауысымда оқу мәселесі шешілмек. Алтай Сейдірұлы жаңа мектепке педагог кадрларды қабылдау жұмысының ақсап қалмауына ерекше мән берді. Бұл ретте қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Батика Пайдина 70-тей мұғалім көршілес мектептен оқушыларымен бірге көшірілетінін және жаңадан 78 бос орын ашылатынын мәлімдеді.
Эльмира НҰҒМАНОВА

Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу