7 айда 115 қалта ұрлығы тіркелді
Ағымдағы жылдың жеті айында өңірде 169 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Балалардың қатысуымен 24 оқиға орын алып, үш балғын көз жұмған, 24-і түрлі деңгейдегі жарақат алыпты. Бұл туралы БҚО ішкі істер департаментінде өткен брифингте айтылды.

БҚО ІІД ЖПҚ бастығының орынбасары Кенжебек Құспаевтың айтуынша, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – маневр, көлікті басып озу ережелерін бұзу, қарама-қарсы бағытқа шығып кету, жылдамдықты асыру. Кейде ауа-райының бұзылуы да жол-көлік оқиғасының орын алуына себеп. Мәселен, 18 жағдай ауа-райының қолайсыздығынан болған. Салдарынан 1 адам көз жұмып, 18-і жарақат алған. Жылдамдықты асыру себебімен 48 жағдай тіркеліп, 11 адамның өмірі қиылған. 50-і жарақат алған. Жаяу жүргіншілердің қатысуымен 67 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, алты адам көз жұмған, 61-і жарақат алыпты. Мас күйде жол қозғалысына қатысушы азаматтардың қатысуымен 12 оқиға болған, бұдан да 6 азамат ажал құшыпты.
Қоғамдық орындарда 115 қалта ұрлығы тіркелген. Осы орайда қоғамдық көлікте өзгенің мүлкін ұрлауды болдырмау мақсатымен жуырда облыс орталығында жолаушылар тасымалымен айналысатын мекеме басшыларының қатысуымен түсіндіру шарасы ұйымдастырылып, көлік салонына бейнебақылау камерасын орнату, LED экрандар арқылы профилактикалық сипаттағы видеороликтар жіберу, дауыс зорайытқышпен жолаушыларға жеке заттарына мұқият болуды ескерту туралы ұсыныстар берілген. Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды анықтау мақсатында түрлі шаралар өткізілуде.
– Облыс аумағында «Қауіпсіз жол», «Автобус» сынды жедел алдын алу іс-шаралары жүргізілді. Жол қауіпсіздігін тұрақтандыру мақсатымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу айлығы өткізіліп, «Жылдамдық», «Тонировка», «Жаяу жүргінші», «Шекара», «Мас жүргізуші», «Мотоцикл», «Тұрақ» жедел-алдын алу шаралары ұйымдастырылды. Айлық кезінде 9 842 жол ережесін бұзу фактісі анықталды. Осы жеті айда 49 426 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама жасалды. Оның 923-і көлікті мас күйде басқарған жүргізушілер, – деді Кенжебек Сүйеужанұлы.
Эльмира НҰҒМАНОВА


Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу