50 ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ САТЫП АЛЫНДЫ
БҚО-ға республикалық бюджет қаражаты есебінен 35 өкпені жасанды желдету аппараты, жалпы сипаттағы трансферттер есебінен және жергілікті бюджет есебінен 15 өкпені жасанды желдету аппараты сатып алынды. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Г.Әбдрахманова мәлім етті.

Жалпы облыс бойынша медициналық ұйымдар 195 ӨЖЖ аппараты, 645 оттегі концентраторы, 1063 пульсоксиметр, 198 оттегі көздері, 425 Бобров аппаратымен қамтамасыз етілген.
– Аудандық ауруханалар үшін 7 цифрлық рентген аппараты сатып алынды, оның ішінде 5-еуі Бәйтерек аудандық ауруханасына, Қаратөбе аудандық ауруханасына, Шыңғырлау аудандық ауруханасына, Бөрлі аудандық ауруханасына және Бәйтерек ауданының екінші ауруханасына ковидті пневмонияны диагностикалау үшін жеткізілді. Облыстық жедел жәрдем станциясы мен аудандық бөлімшелердің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша нақты жұмыстар жүргізілді. 37 реанимобиль сатып алынып, қазір жедел жәрдем қызметіне 100 автокөлік жұмылдырылды. Тәулігіне 650-ге жуық шақыруларға қызмет көрсетіледі, – деді Гүнлара Мақсотқызы.
Қазіргі уақытт 185 төсек-орынға арналған 4 карантиндік стационарда 46 науқас жатыр. 359 төсек-орындық 7 инфекциялық стационарда 126 адам емделуде. Олардың ішінде 39 реанимациялық төсек-орында 10 науқас ем алуда. Қосымша 2018 төсек-орындық резервтік қор дайындалған. Оның ішінде 1243 төсек-орын инфекциялық стационарларда, 775 төсек орын карантиндік стационарларда.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу