5 мың білім грантына кімдер үміткер бола алады?

Министрдің сөзінше, білім гранттары биыл 1 қыркүйектен бастап бөлінеді.
– Негізгі талаптар: талапкер ҰБТ тапсыруы, шекті баллдан өтуі, көп балалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыдан шыққан балалар болуы тиіс. Осындай балалар 5 мың грантқа үміткер бола алады,- деді А.Аймағамбетов.
Министр биыл бөлінген 53 700 білім гранты талапкерлерге берілгеннен кейін ғана 5 мың грант үлестірілетінін айтты.
– Алдымен осы гранттарды бөлу жүргізіледі. 1 тамыздан кейін грант тізімі белгілі болады. Грантқа ілікпеген осы санаттағы талапкерлер 5 мың грантқа өтініш жаза алады. Тест тапсырып, шекті балл жинап, өтініш жазып, содан кейін жинаған балына сәйкес грант бөлінеді,- деді білім және ғылым министрі Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Әрі гранттарды бөлуде ешқандай сыбайлас жемқорлық қаупі болмайтынына сендірді.
Айта кетейәк, 26 маусым күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына 5 мың білім гранты бөлуді тапсырған болатын.
Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу