8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Маусым 2019 2716 0
Қалалықтар қаперіне

5 мың білім грантына кімдер үміткер бола алады?

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары 5 мың білім грантына қалай ие бола алатынын айтты. 

Министрдің сөзінше, білім гранттары биыл 1 қыркүйектен бастап бөлінеді.

 – Негізгі талаптар: талапкер ҰБТ тапсыруы,  шекті баллдан өтуі, көп балалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыдан шыққан балалар болуы тиіс. Осындай балалар 5 мың грантқа үміткер бола алады,- деді А.Аймағамбетов.

Министр биыл бөлінген 53 700 білім гранты талапкерлерге берілгеннен кейін ғана  5 мың грант үлестірілетінін айтты.

– Алдымен осы гранттарды бөлу жүргізіледі. 1 тамыздан кейін грант тізімі белгілі болады. Грантқа ілікпеген осы санаттағы талапкерлер 5 мың грантқа өтініш жаза алады. Тест тапсырып, шекті балл жинап, өтініш жазып, содан кейін жинаған балына сәйкес грант бөлінеді,- деді білім және ғылым министрі Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Әрі гранттарды бөлуде ешқандай сыбайлас жемқорлық қаупі болмайтынына сендірді.

Айта кетейәк, 26 маусым күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына 5 мың білім гранты бөлуді тапсырған болатын.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
56 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
54 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
54 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
50 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
105 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
79 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»