№5, №20 бағыттарға жаңа автобустар берілді
Бүгін тамыздың 23-і күні «OralAvtotrans» мекемесінің тұрағында №5, №12 бағыттағы тұрғындарды тасымалдауға жаңадан 9 қоғамдық автобустың кілтін табыстау рәсімі өтті.
Салтанатты шараға қала әкімі Миржан Сатқанов қатысып, сөз сөйледі. – Орал қаласының мерейтойына арнап, халыққа ыңғайлы жағдай жасау мақсатында ескі автобустарды жаңа автобустарға ауыстырып жатырмыз. Соңғы екі жылдың ішінде ескі көліктер 100-ге жуық жаңа көліктермен жаңартылды. Қалада күніне 270-ке жуық қоғамдық автобус линияға шығады. Ағымдағы жылдың соңына дейін 50 автобусты жаңарту жоспарда бар. Ендігі мақсат – жаңа көліктермен қатар жолдарды да жөндеуден өткізу. Сондай-ақ 100-ге жуық жаңадан аялдама салуды да қолға алдық. Бүгінде 50-ге жуық аялдаманы салу жұмысы басталды. Мұның барлығы қала тұрғындарының игілігі үшін жасалуда. Бүгінгі беріліп отырған автобустың ішінде 8 бейнебақылау және мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалған. Бұл автобустардың барлығы Қазақстанда жасалған және әлемдегі ең мықты көліктің бірі. Жаңадан табысталған көліктің алтауы №5, үшеуі №12 бағытта жүретін ескі автобустардың орнына жүреді. Алғашқы №5 бағыттағы автобус өз жұмысын бастайды. Жаңа көліктеріңіз құтты болсын! Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін,-деген шаһар басшысы Миржан Мұнайдарұлы жаңа автобустың ішімен танысты.
Гүлжан АЯЗБАЕВА
Версия для печати
Пікір үстеу