8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қыркүйек 2019 1710 0
Өзек

46 ШЕТЕЛ АЗАМАТЫ РЕСПУБЛИКА АУМАҒЫНАН ШЫҒАРЫЛДЫ

БҚО-да ҚР-ның Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 46 шетел азаматы республика аумағынан шығарылды.

Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзушылық фактілерін анықтау және олардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылы қыркүйектің 9-12 күндері аралығында облыс аумағында «Нелегал-Арна-Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-профилактикалық іс-шараның төрт күнінде 445 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.  Оның ішінде шетел азаматтарымен 368 құқық бұзушылық, Қазақстан Республикасының азаматтарымен 77 құқық бұзушылық  жасалған, 46 шетел азаматы ҚР аумағынан шығарылды.

Сондай-ақ ЖПІШ барысында Бөрлі ауданы Полиция бөлімінің Көші-қон полициясы қызметінің қызметкерлерімен Ақсай қаласындағы дүкендердің бірінде заңсыз шетелдік жұмыс күшін  пайдалану фактісі анықталды. Дүкеннің иесі ҚР-ға тиісті құжаттарсыз келген шетел азаматтарын бірнеше рет  жұмысқа тартып отырған. Қазір жұмыс берушіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 395-бабы (ҚР шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану қағидаларын бірнеше рет бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ БҚО ПД Қазталов полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР азаматының мемлекеттік шекараны заңсыз өту бойынша бір факті анықталған. Құқық бұзушыға қатысты ҚК-нің 392-бабы 1-бөліміне сәйкес (ҚР мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
59 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
59 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
56 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
109 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
84 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»