8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Маусым 2018 6373 0
Өзек

ТЕЛЕФОНҒА ТЕЛМІРГЕН АТА-АНА

Біздің бала кезімізде ата-анамыз үй шаруасымен айналысып, күндіз-түні еңбектеніп, әйтеуір жарғақ құлақтары жастыққа тимейтін. Күйбең тіршіліктің соңында жүрсе де бала тәрбиесіне көңіл бөліп жүретін. Мәселен, әкемізді алайықшы, қора-қопсыны жөндеп, мал азығын дайындап, тал-терек отырғызып, сондай-ақ бала-шағаның қамы деп бірқатар шарауаның басын қайыратын. Қолы қалт еткенде «балаларым білімсіз болмасын» деп кітапханаға жетектеп кітап оқуға тәрбиелейтін. Ал анамыз ше? Таңсәріден сиыр сауып, сүт тартып, май-қаймақ дайындап, құрт қайнатып, бидай қуырып, тары түйетін. Жүн түтіп, балаларға киім тоқып жатады. Мінекей, ата-анамыздың тынымсыз еңбекқорлығы, үй шаруасын дөңгелетіп  жүруі біздің көз алдымызда осылайша сақталып қалды. Олардың еңбегі – бізге үлгі-өнеге! «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, көргенімізді іліп ұштық.Өкінішке орай, бұл бұрынғы ата-ана! Ал қазіргі қоғамның ата-анасы қандай? Көпке топырақ шашпайық,  кей ата-аналардың «хал-ахуалы» көңіл қынжылтады. Әсіресе, балаға көп көңіл бөлудің орнына, телефонға үңіліп, бар уақытын «сол шіркінге» зая кетіруде. Біз жоғарыда айтып өткен ата-анамыздың шаруақорлығын өзімізге үлгі алып өссек, жас ұрпақ бүгінгі күні тек телефонға телмірген ата-анасынан сонда қандай үлгі алып өспек? Бір баласы бар отбасының отауына бас сұққан едік. Әкесі планшетін құшақтап диванда жатыр. Анасы инстаграм ақтарып орындықта отыр. Екеуі де телефонға үңіліп мәз-мейрам. Мұқабасы әдемі безендірілген ертегі кітабын ұстаған төрт жасар қызы олай-бұлай шауып жүр. «Папа, пілде қанат болмайды ғой, иә?», «Анашым, мына гүлді жұлған бала жаман-ақ екен» деп әкесі мен анасына сан мәрте барды. Алайда  әкесі «қызым, әрі ойна» десе, анасы  «паланшет берейін, ютубтан ойын ойнап, тыныш отыршы» деп жауап қатты.  Міне,  шыны керек жас ұрпақтың қазіргі ата-анасы «осындай».

Хош, сонымен телефонды серік еткен ата-ана жайында таразы басында талқыладық.

Тамара НӘБИ,

зейнеткер ұстаз:

– Қазіргі жас ата-аналар, тіпті әжелер де телефонға құмар болып алдық қой. «Алланың адамға берген ең ұлы сыйы – уақыт» делінген Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде. «Телефонға телміргендер» ең бастысы уақытын босқа өлтіріп жатыр. Содан соң  Алланың берген аманаты – балаларына көңіл бөлмеу. Хадисте «Балаңа тәрбиеден артық мұра қалдыра алмайсың» деген дана сөз бар. Оның зиянын біле тұра балаларына сол телефонды беріп қоятыны тағы бір қынжыларлық жәйт. Отбасында уақытында шәйің қайнап, үйің жайнап тұрмаса жанұяның көңілін таппасаң үйдің шырқы бұзылады.

Гүлмира ТӨЛЕГЕНОВА,

«Әйел. Қоғам. Болашақ» қоғамдық бірлестіктің төрайымы:

– Көп уақытымызды «телефонға байлап қойған» озық техниканың заманы болып кетті. Ол дұрыс емес, әрине. Өйткені, бір жағынан телефондағы әлеуметтік желілердің жетегіне жармасып, уақытымызды өзіміз ұрласақ, екіншіден балаларымыздың тәрбиесі ақсап жатады. Осы әлеуметтік желілерде отырудың өзі, 2-3 сағаттап уақыт алады. Ал біз ғаламторды ақтаруға кеткен осы уақытты неге ұтымды пайдаланбасқа? Айталық, «сол нәрсеге байланбай-ақ» отбасымызбен саябаққа, түрлі демалыс орындарына баруға болады емес пе?!

Аналар жағы үнемі тек телефонда отыруымен үлгі болмай, тәрбиелеп отырған баларына дәмді тамақ пісіруімен үлгі болса ғой, шіркін! Көптеген жанұядағы осы жәйттерді көріп жүрміз. Өкініштісі, әкелеріміз де осы «телефонмен ауырады». Ер балаларымен сөйлесіп, олармен бірге балық, аң аулауға шығып, атқа мінуді үйретсе, нұр үстіне нұр болар еді. Ал ата-аналарымыздың өзі таң атқаннан кеш батқанға дейін телефонды ермек қылады. Бұдан кімге пайда, кімге зиян? Ертең балаларының тәрбиесі дұрыс болмаса, міндетті түрде қоғамды кінәлайтындар да бар. Бұл «Өз басындағы отты көрмей, біреудің басындағы  шоқты көру» ғой. «Тәрбие – тал бесіктен басталады» деп тегін айтылмаса керек-ті.

Баян  ОМАРОВА,

педагогика және психология ғылымдарының магистрі:

– Бала – ата-ананың айнасы. Олар ата-анасын барлығын көріп үйреніп өседі. Заман қаншалықты  заманауи тұрғыдан қарыштап дамып жатса да, біздің қазақи болмысымызға кері әсерін тигізіп жататыны сөзсіз. Соның бірі ұялы телефон, әлеуметтік желінің қоғамдағы кіші мемлекет отбасының өсіп-өркендеуіне теріс ықпал беруде. Қазіргі қоғамда отбасы мүшелерінің барлығының телефонға үңіліп отыратыны көп кездеседі. Әсіресе, жалғыз басты аналар бала тәрбиесін ысырып қойып, өздеріне ұялы телефонды серік қылған. Адам өзін тежемесе, өзіне -өзі есеп бермесе, ол барлық болмысымен сыртқы ортадан оқшауланып, бар ойы телефонда болып, өзін жоғалтып алады. Осы орайда адамда психологиялық тұрғыдан «мен» концепциясы жойылады. Ол ашушаң, күйгелек, өзіне – өзі сенімсіз болады. Тұйықталады.

Расында да  ата-аналарымыз ұялы телефонға тәуелді. Алайда сол тәуелділіктен құтылу жолдары да бар. Ол үшін Сіз:

1.Кітап оқығанда не теледидар қарағанда ұялы телефоныңызды жасырып қойыңыз:

Жұмыста, оқу орнында ұялы телефон керек болары сөзсіз. Дегенмен, үйде жүрген кезде демалатыңызды ұмытпаңыз. Сол себепті, ұялы телефонды үйге келген бойда суырмаларға салыңыз. Оған үй телефоны секілді қараңыз.

2.Ескертулерді өшіріп тастаңыз:

Әсіресе, бұл жауап беруді талап етпейтін ескертпелермен тікелей байланысты. Хабарламалар мен қоңырауларды қалдырыңыз да, әлеуметтік желілерден келетін ескертпелерді алып тастаңыз.

3.Уақытқа шектеу қойыңыз:

Телефонды қолыңызға алған соң, таймерді іске қосыңыз. Ол сіз қойған белгілі бір уақыттан соң келесі кезекте тұрған істен хабар береді. Есесіне, сіз ұялы телефоныңызда уақытпен қолданып үйренесіз. Таймер қосылған соң, ұялы телефоныңызды өшіріп тастауға тырысыңыз.

4.Кезекте тұрған кезде, телефонды қолыңызға алмаңыз:

Шегі жоқ кезекте тұрған кезде бұдан өзге айналысатын іс жоқ секілді көрінеді. Егер сіз шығармашылыққа жақындай түсуді қаласаңыз, бұл әдетпен де қош айтысуға тура келеді.

5.Төсекте ұялы телефон қолданбаңыз:

Төсек – ұйықтайтын орныңыз. Ол жерде ұялы телефонды қолданғаныңыз сіздің тәуелді екеніңізді білдіреді. Сол себептен, ұйқыға жатпас бұрын, кейін тұрғаннан соң ғана ұялы телефонға уақытыңызды бөліңіз.

P.S. – Қайткен күнде де, бала тәрбиесі, отбасы – басты байлығымыз. Ендеше, телефонға емес, бар байлығымызға көңіл бөлейік.

 

Самал ЖАМЕТ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
28 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
243 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
737 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1114 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1052 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1475 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2091 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2258 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2264 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2313 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2319 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1967 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2798 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2851 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2847 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3457 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3429 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3415 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3393 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3557 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3603 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»