8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Маусым 2026 384 0
Өңір жаңалықтары

37 отбасы қоныс тойын тойлады

Бүгін, маусымның 5-і күні Орал қаласында тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Қуанышты шара барысында 37 отбасы көптен күткен баспанасына қол жеткізді.

Шәпет Қоспанов, 55а мекенжайында орналасқан пәтер кілттерін Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев табыстады. Салтанатты шарада сөз сөйлеген Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев мемлекет тарапынан халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатқанын атап өтті. – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықтың әл-ауқатын жақсарту, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында атқарып жатқан жұмыстарымыздың нәтижесі өз жемісін беруде. Жылдар бойы кезекте тұрып, көп үміт артып жүрген жерлестеріміз осы күнді ұзақ күтті. Осы керемет баспанада отбасыларыңызда тек жақсылық болсын! – деді ол.

Тұрғын үйлер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында және «Отбасы банк» АҚ арқылы жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар шеңберінде берілді.

Жаңа баспаналар тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес үлестірілді.

Алдағы уақытта да тұрғындарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Дәметкен ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Толығырақ газетіміздің алдағы номерінен оқи аласыздар

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Жауапты науқанға дайындық жүйелі
23 Шілде 2026
179 0
Закон и Порядок
Алаяқтар арбауын қояр емес!
22 Шілде 2026
175 0
Өңір жаңалықтары
Жаңа көпірдің құрылысы басталды
22 Шілде 2026
169 0
Мәдениет
«Сабантой» көңіл-күй сыйлады
22 Шілде 2026
173 0
Без рубрики
Қала бойынша 109 лагерь жұмыс істейді
18 Шілде 2026
293 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»