367 БОРЫШКЕР ШЕТЕЛГЕ КЕДЕРГІСІЗ ШЫҚҚАН
2018 жылдың басынан бері Батыс Қазақстан облысындағы сот орындаушыларында 9,5 мың баланың пайдасына алимент өндіру туралы 7,5 мың құжат болған. Прокурорлық қадағалау актілерімен проблемалық құжаттардың саны 3,5 мың құжаттан 634-ке дейін қысқарған. Тексеріс нәтижесінде уәкілетті органдардың борышкерлерге қатысты шектеу қою шараларын қолданбағаны анықталып отыр.

БҚО прокурорының аға көмекшісі Бауыржан Ахметжанның мәліметінше, 367 борышкер шетелге еш кедергісіз шыққан, 600 борышкердің көлік жүргізу құқығы шектелмеген, 931 тұлғаның мүлкіне тыйым салынбаған, 1,5 мың борышкердің еңбекақысы мен басқа да табысынан алимент ұсталмаған.
Бүгінгі күні борышкерлердің 1 мың кәмелетке толмағандардың алдындағы бережағы 76 млн теңгені құрап отыр.
Сондай-ақ борышкерлерді жұмысқа орналастырумен қатар балаларына алимент төлемегені үшін борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту шаралары қабылдануда. Мысалы, азамат Д. 2016-2018 жылдары кәмелетке толмаған баласын күтіп-бағуға алимент төлемей, нәтижесінде 800 мың теңгеден астам берешек пайда болған. Орал қаласы прокуратурасының бастамасымен ол ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 2 рет тартылған. Алайда ол тиісті шешім қабылдамай, алимент төлемеуін жалғастырған. Бұдан бөлек, ол қалалық жұмыспен қамту орталығы ұсынған жұмыстан бас тартқан. Сондықтан Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баланы күтіп-бағу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін (ҚК 139-бабы) оған үш жүз сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту туралы жаза тағайындады.
БҚО прокуратурасы балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын және 2 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.
ЖАЙЫҚ ҮНІ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу