ЖАҢА ЖЫЛ ТҮНІ 20 СӘБИ ДҮНИЕ ЕСІГІН АШТЫ
Жаңа жыл түні Орал қаласында 20 сəби іңгəлап, жарық дүниенің есігін ашты.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының мəліметінше, дүниеге келген сəбилердің 12-сі «атұстар» болса, 8-і «кесте тігер». Қазіргі таңда босанған ана мен балалардың жағдайы қалыпты. Медицина қызметкерлерінің жіті қадағалауында.
Жаңа жылда алғашқы болып дүние есігін ашқан періште Арлан Сүлейменовтың бойы – 53 см, салмағы – 3 келі 500 грамм. Əділхан мен Айжамал Сүлейменовтар отбасындағы екінші сəбиінің есімін ержүрек, батыл болсын деп ырымдап Арлан есімін берген.
Версия для печати
Пікір үстеу