33 жастағы ер азамат шетел мемлекетінде өз бүйрегін сатпақ болған
Ол отаны Кения Республикасында жасату бойынша мәміле жасасқан. 30 шілде күні БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Көліктегі ҰҚҚКБ қызметкерлерімен бірлесіп, ІІМ-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің үйлестіруімен адам органдарын сату әрекеті тоқтатылды.
Анықтау барысында 1990 жылғы «А» есімді Орал қаласының тұрғыны, отбасылы, вахтада жұмыс істейді. Ақшалай қаражаттың жетіспеушілігінен өзінің бүйрегін сатпақ болған.
Ағымдағы жылдың мамыр айында аталған азамат халықаралық интернет-сайтта ақшалай сыйақы үшін трансплантацияға арналған «бүйрек» органын сату туралы хабарландыру жариялаған. Оған телеграмм желісіндегі арна арқылы сайттың қызметкерлері байланысқа шығып, ортақ мәмілеге келу арқылы құны 20 000 АҚШ долларын құрайтын отаны Кения Республикасында жасауға келіскен. 2 ай бойы 1990 жылғы «А» есімді азамат медициналық орталықтарда тапсырған талдау нәтижелерін телеграмдағы арна арқылы жіберіп отырған. Сайт қызметкерлері оған жол жүру, электронды виза үшін 250 АҚШ доллары көлемінде ақша жіберген. 30 шілде күні полиция қызметкерлері «А» есімді азаматты Алматы қаласындағы әуежайдың ұшу аймағынан ұстады. Одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін азамат Орал қаласына жеткізіліп, ешқайда кетпеу туралы қолхат берілді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 116 бабы 1 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айта кету керек, Қазақстанда органдарды сатуға тыйым салынады және трансплантациялау жасаудың жалғыз жолы – оның туысының өтеусіз қайырымдылығы немесе қайтыс болған адамның туыстарының келісімімен органды трансплантациялау.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу