8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Желтоқсан 2018 2046 0
Қоғам

БҚО Құқық қорғау қызметтері орталығы азаматтар үшін

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен ашылған Құқық қорғау қызметтері орталығының ашылғанына бір жыл.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасының мәліметінше, осы кезеңде орталыққа 1,5 мың. адам келген. 940 тұлғаны прокурорлар қабылдаған. Адвокаттың тегін қызметін 301 адам пайдаланса, медиатордан – 97, заңгерден – 68, сот орындаушыдан – 30 тұлға ақыл-кеңес алды.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін мамандардың қатысуымен 8 семинар мен тренинг, түрлі акциялар ұйымдастырылған. Мысалы, тамыз айында өткен «Ашық есік күндері» аясында 100 адамға жер, тұрғын-үй заңнамалары және сот актілерінің орындалуы турасында кеңес берілген.

Айта кету керек, орталықтың жұмысы «бір терезе» қағидасы арқылы халықтың қиындықтарын кешенді шешуге бағытталған. Бұл жерде азаматтар мемлекеттік органға немесе сотқа «E-gov» порталы арқылы арыз бере алады, бұрын берілген өтінішінің нәтижесін тексеріп, облыс прокуратурасының басшылығына қабылдауға жазылып, прокурор мен басқа да мамандардан заң көмегін ала алады.

Азаматтарды қабылдау электронды кезек жүйесімен жүргізіледі. Орталық «Smart Uralsk» ғимаратында (Орал қаласы, Шаған жағалауы, 84) орналасқан және сағат 09.00-дан 18.30-ға дейін жұмыс жасайды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
137 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
381 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»