22 мұғалім «Алғыс хат» алды!
Бүгін, Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында ұстаздар күніне арналған»Қалдырған ізің мәңгілік»атты тақырыпта салтанатты жиын болып өтті. Жиынға облыс әкімі Ғали Есқалиев, білім саласының ардагерлері, колледж, мектеп директорлары, білім бөлімінің басшылары және ұстаздар қатысты. Шарада өңір басшысы Ғ. Есқалиев мұғалімдерді құттықтап, 22 ұстазды алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп—лицейінің математика пәнінің мұғалімі Жақсымбет Ғизатовқа» Батыс Қазақстан облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісін және бір жылдық сыйақы табыстады. Бұдан кейін облыстық білім беру бөлімінің басшысы Айгүл Мыңбаева ҰБТ қорытындысымен республикалық «Үздік 100» мектептің қатарына енген білім ордаларын және Bilim HIGH телевизиялық жобаның жетекшілерін алғыс хаттармен марапаттады. Кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Даупаев үздік педагогтарға «Жалын»номинациясын, мектеп директорының орынбасарларына «Серпін» номинациясын табыстады. Сонымен қатар бірқатар ұстаздарға «Ақжайық» шипажайына жолдама берді. Шара соңы концертке ұласты.
Гүлхан Аяз
«Жайық үні»
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу