8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Сәуір 2021 1623 0
Өзек

21 КЕЛІ ЕСІРТКІМЕН ҰСТАЛДЫ

БҚО Полиция департменті  есірткіге қарсы қылмыспен күрес  жөніндегі басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстары барысында ірі көлемдегі есірткі затын тасымалдаған азаматты ұстады. 

7 сәуірде сағат 23.00 шамасында Орал қаласының айналма магистралінде Зачаганск кентінде орналасқан кафенің жанында «Шымкент-Орал» тұрақты автобусының М есімді жолаушы, Жамбыл облысының тумасы тексеріліп, жеке қарау кезінде екі жол сөмкесі тәркіленді. Екі қапшықта да белгілі бір иісі бар өсімдік заты бар таспаға оралған әрқайсысында бір-бір қап болған. 

Сонымен қатар олар полиэтилен пакет  тәркіледі, оның ішінде 13 иісі бар, өсімдік тектес ұнтақты заттары бар полиэтилен пакеттері болған. Өзінің айтуынша, осы үлкен сөмкелерде әрқайсысы 10 келіден кептірілген марихуана, ал 13 пакетте  гашиш болған. Ұстау кезінде ол бұларды Оралда  тарату мақсатымен әкелгенін айтып, кінәсін толығымен мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы, 4-бөлігі (ірі көлемдегі есірткі, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын заңсыз дайындау, өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сараптама қорытындысы ұсынылған заттар 20 келіде «кептірілген марихуана» және 1 келі «гашиш» екені нақтыланды. Ұсталған жамбылдық азамат БҚО Полиция департаментінің  уақытша ұстау изоляторына  қамалды. 

Қазіргі  уақытта жедел алдын алу іс-шаралары  жүргізілуде.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
124 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
369 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»