200 мың сыйақы табыстады
Бүгін, 30 мамыр күні қала әкімі Миржан Сатқановтың 2022-2023 оқу жылындағы республикалық пәндік олимпиада жүлдегерлері және жетекшілерімен кездесуі өтті.
Облыс орталығы мектептерінен 12 оқушы республикалық пәндік олимпиаданың, 1 оқушы Президенттік олимпиаданың жүлдегері атанды. Қала әкімі жас білімпаздарды, ұстаздарды жеңістерімен құттықтады.
Жеңімпаздарды қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Оқушыларға қала әкімі атынан сыйлық сертификаты табыс етілді. Шәкірттерін шыңдауда еңбек еткен 16 жетекшіні Миржан Мұнайдарұлы Алғыс хатпен марапаттады. Әр жетекшіге 200 мың теңге көлемінде сыйақы табысталды.
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында дарынды оқушыларды қолдау және ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған шарада озат оқушылар мен ұстаздар сөз сөйлеп, алғысын білдірді.
Дәметкен САҒЫНБАЕВА
Версия для печати
Пікір үстеу