8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Шілде 2023 1117 0
Құттықтаймыз!

1764 түлекке бакалавр дәрежесі берілді

11-14 шілде аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университі биылғы түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстады. Жас мамандар үшін маңызды шара «AMANAT» партиясының үлкен залында өтті.

Салтанатты жиында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің арнайы жолдаған бейне құттықтауы көрсетілді. Университет ректоры, профессор Нұрлан Серғалиев оқу ордасының қоғамдық өміріне араласып, ғылым мен шығармашылықта жетістіктерге жеткен жастарға үздік диплом мен Алғыс хат табыстады. – Сапалы білім алып шыққан киелі шаңырақты әрқашан да естеріңізден шығармай, ғылым ордасын әлемге танытып, «Махамбет түлегі» деген атаққа әрдайым лайық болыңыздар! – деп тілегін білдірді.

2022-2023 оқу жылында университетті 1764 түлек бітіріп отыр. Оның 648-і мемлекеттік тапсырыс грант негізінде оқуларын аяқтады.
Педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша 1159 студент диплом алса, Өнер және гуманитарлық ғылымдар – 166, Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 57, Бизнес, әкімшілік және құқық – 202, Жаратылыстану, математика және статистика – 42, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 42, Инженерлік өңдеу өнеркәсібі және құрылыс салалары – 4, Қызмет көрсету дайындық бағыты бойынша 75 түлек төрт жылдық бакалавриатты ойдағыдай тәмәмдады. 195 бітірушіге магистр дәрежесі берілді.

Дәметкен САҒЫНБАЕВА,
«Жайық Үні» газетінің тілшісі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
126 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
371 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»