8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Сәуір 2019 1622 0
Қоғам

15 ШАРУАШЫЛЫҚ «КЕҢДАЛАНЫҢ» ҚОЛДАУЫН АЛДЫ

БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Денис Омашев биылғы жылғы көктемгі далалық жұмыстарға дайындық шаралары туралы айтып,  шаруаларды қолдауға  арналған бағдарламаларға тоқталды. 

– Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға 7 пайыздық мөлшерлемемен «Кеңдала» бағдарламасы аясында қарастырылған 291,5 млн. теңге қаржы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының аудандық несие серіктестіктері арқылы 15 ауыл шаруашылық тауар өндірушіге берілді. Бұдан бөлек 16  пайыздық мөлшерлемемен «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 559 млн. теңге қарастырылды, – деді Денис Омашев.

Сондай-ақ «Казагроқаржы» АҚ бойынша техника лизингісіне 2 900 млн. теңге бөлінген. Қазіргі уақытта шаруашылықтар 1050 млн. теңгеге 80 бірлік техника сатып алды.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
126 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
371 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»