102 МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету саласында цифрлы жоба енгізілді. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Жуырда Ішкі істер министрі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған цифрлы жобаларды таныстырған болатын. Ұсынылған жобалар пилоттық режимде апробацияланған және Батыс Қазақстан облысында қолданысқа енгізуге дайын тұр.
Осылайша, 1 ақпаннан бастап 102 мобильді қосымшасы іске қосылды. Бұл қызмет түрі «Азаматтардың өтініштерін қабылдау процесінің бірізділігі» жобасының бір бөлігі болып табылады. Оның міндеті – полицияның халықтың сұранысына жауап беруін қамтамасыз ету.
Әзірленген қосымшаның көмегімен елдің әрбір тұрғыны жасалған құқық бұзушылық немесе қылмыс туралы ақпарат жолдап, оның жауапсыз қалмайтынына сенімді бола алады. Жүйе арқылы өтініш беруге, оператормен аудио немесе бейне қоңырау арқылы байланысуға, қызмет алуға, сондай-ақ шақыруға жіберілген полиция жасағының жүрген жерін бақылауға болады.
– «Азаматтардың өтініштерін қабылдау процесінің бірізділігі» жобасы бойынша ішкі істер органдарына әр түрлі коммуникациялар арналары арқылы жүгінген азаматтармен өзара байланыс жасауға болады. Осы регламенттің мақсаты – полиция қызметкерлерінің жұмыс тәртібін айқындау, түрлі байланыс арқылы келіп түскен өтініштерді қарау және мониторинг жүргізу – деп атап өтті БҚО ПД бастығы Махсудхан Аблазимов.
Сонымен қатар «Police 102» мобильді қосымшасы және виджет арқылы бейне, аудио қоңыраулар жасауға болады, сондай-ақ «Telegram», «В контакте» жүйелеріндегі чат-боттар және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсындағы виджет арқылы жазбаша түрде кеңес беріледі.
– Әрбір азамат орын алған құқық бұзушылық және қылмыс фактісі бойынша сұрақтарымен өзіне қолжетімді электронды жүйе, яғни https://www.gov.kz/memleket/entities/ qriim?lang=ru. сайтындағы виджет арқылы ішкі істер органдарына жүгіне алады. Ол үшін азамат өтініш/арыз/шағымының тақырыбын белгілеп, орын алған жағдайды сипаттап жазады, өзінің жеке деректері мен нақты электронды мекен-жайын көрсетеді. Өзінің жіберген өтінішінің қандай сатыда тұрғанын білу үшін арыз беруші Ішкі істер министрлігінің қолжетімді мемлекеттік қызмет көрсету түріне және сервистеріне қосыла алады, – деді полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов.
Азаматтар AppStore, PlayMarket арқылы «Police 102» ұялы қосымшасын тегін жүктеп алып, жеке мәліметтеріне сәйкес тіркеліп, электронды пошта немесе ұялы телефон енгізу арқылы растайды және таңдап алынған тақырыпқа сәйкес бейне/аудио қоңыраулар арқылы байланысып, өтініш/арыз/шағым қалдыруға, сондай-ақ оның орындалу барысын қарауға және кері байланыс жасауға мүмкіндік алады.
Сондай-ақ Махсудхан Нұғманұлы жүйеге тіркелген электронды жүгіну нөмірі жүгінуші адамның электронды поштасына, мобильді қосымшаға және Telegram @QZ102bot чатының жүгіну тарихына хабарлама түрінде жолданатынын атап өтті.
Аталған қосымшада «SOS тетігі» бар. ІІМ бұл жедел шақырту құрылғысын дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне орай көшелерде, қоғамдық орындарды және жолдарда орналастыруды ұсынады. Дабыл түймесін басу арқылы құқық бұзушылық туралы хабарлама жіберуге немесе полициядан көмек сұрауға болады.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу