8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қараша 2018 2315 0
Қоғам

100 МЫҢДАЙ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДИКТАНТ ЖАЗДЫ

Бүгін 100 мыңдай батысқазақстандық латын қарпінде диктант жазды. Орал қаласы әкімдігінде ұйымдастырылған шараға қала әкімдігі құрылымдық бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.

 

Өткен жылы Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қазақ жазуын латын графикасына көшіру міндетін қойған болатын. 2017 жылдың қазан айында Мемлекет басшысының жарлығымен латын әліпбиі бекітілді. Биыл халықтың, ғалымдардың ұсынысы негізінде әліпбиге өзгерістер енгізіліп, ҚР Премьер министрі қазақ тілі әліпбиін 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен латын графикасына көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдады. Осы орайда Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған жалпыхалықтық диктанттың мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын қарпіндегі қазақ әліпбиін іс жүзінде меңгеруге дағдыландыру.

– Іс-шаралар жоспарына сәйкес ғалымдар, орфографиялық, орфоэпиялық, терминологиялық ережелерді дайындау бағытында жұмыстанды. Жалпыхалықтық диктантты өткізуге дайындық шаралары облысымыздың барлық аудандарында, қалада алдын ала жүргізілді. Диктант «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері жобасының» практикалық тұрғыда меңгерілуін бақылау, қандай қиындықтар туғызатынын анықтау мақсатында өткізілді. Сәйкесінше, нақты қорытынды шығарылады, – дейді облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева.

Диктант жазуға 15 жасқа толған мектеп оқушылары, студенттер, мемлекеттік және құқық қорғау қызметкерлері және белсенді азаматтар қатысты. Құрамында ғалымдар, мектеп мұғалімдері бар облыстық тілдерді дамыту басқармасы жанынан құралған жұмысшы топтары қатысушылардың жазбаларын түстен кейін тексеруді бастайды.  Қорытындысын бес күннен соң emle.kz, tilalemi.kz сайттарынан қарап білуге болады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»