8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Наурыз 2019 1757 0
Қалалықтар қаперіне

1 наурыз – Алғыс айту күні. ҚҰРМЕТТІҢ ӨНЕГЕЛІ ӨЛШЕМІ

Наджаф МАМЕДОВ,
«Бірлік» әзірбайжан мәдени-ағарту қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

– 1937-38 жылдардан басталған сталиндік қуғын-сүргін кезінде өзге халықтармен бірге менің арғы аталарым да күштеп көшірілген. Тарихқа жүгінсек, 1500-дей әзірбайжан жер аударылған екен. Олардың бірқатары атылды. Қалғандары жергілікті қазақ халқының қолдауының, демеуінің арқасында аман қалды. Қиын кезеңнен өтті. Депортациялық саясаттың қатал жағдайында қазақ жеріне ешбір дүние-мүліксіз көшіп келген халықтардың жан сақтауы тек қазақ халқының туысқандық көмегінің арқасында ғана мүмкін болды. Аштық нәубеті мен саяси қуғын-сүргін қасіретін басынан өткерсе де, қазақтар басын қауіп-қатерге тіге отырып, қолындағы нанымен бөлісіп, тағдыр тәлкегіне түскен халықтарға ең қиын сәттерде қол ұшын берді. Баға жетпес көмек көрсетті. Зорлықпен кешірілген халықтар қилы заманда қазақ өлкесінен пана тауып қана қойған жоқ, өздері және ұрпақтары үшін екінші Отанын тапты. Олар өздерінің ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалды, көпұлтты Қазақ өлкесінен лайықты орын алды. Қасіретті кезеңдегі қолдауы үшін бүгін мен әзірбайжандықтар атынан ұлы қазақ халқына шын жүрекпен алғыс айтқым келеді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
142 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
127 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
354 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»