8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қыркүйек 2021 1248 0
Қоғам

«07 АЙМАҚ» – «ПАРАСАТТЫ ПОЛИЦЕЙ» ЖЕҢІМПАЗЫ

   Қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығын, сондай-ақ Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу, ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасында мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау мақсатында дәстүрлі «Парасатты полицей» республикалық байқауы оздырылды.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – полиция қызметкерлері арасында мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын арттыру, қолданысын кеңейту, мемлекеттік тілге, еліне, Отанына деген құрметін арттыру, тілдік ортаны қалыптастыру және тіл мәдениетін арттыру.

Сөз құдіретіне арналған осынау байқауда 17 команда сынға түсіп, қазылар алқасының шешімімен Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері қатарынан құралған «07 аймақ» командасы топ жарып, бірінші орынға ие болды. Байқауға қатысушы командалар екі турдан тұратын сынақтан өтіп, жүйріктерді анықтады.

Бірінші тур – «Адал қызмет – басты міндет» деп аталатын таныстыру сайысында командалар полицияда қызмет етудің мәртебесін, жұмыстарының ерекшеліктерін және қызметте қазақ тілін қолданудағы жетістіктерін ерекшелей отырып өздерін таныстырады. Командалар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орай елдегі қауіпсіздікке қосқан үлестерін және «Жұртқа жақын полиция» қағидатына сәйкес қиын да қызықты бір күнгі қызметтерін вайн түсірілімі арқылы көрсетті.

Екінші «Өнертаным» –  өнер көрсету кезеңінде 07 аймақ командасының мүшелері Жолбаев Парасат пен Габбасов Омардың орындауындағы жергілікті авторлардың туындысы Естай Рашқалиевтің сөзіне жазылған Қуаныш Кисметовтің «Тәуелсіздік таңы» патриоттық әніне бейнебаян түсірілді.

Айта кетелік, сөз құдіретіне арналған маңызы зор облыс көлемінде ұйымдастырылған биылғы байқауда да біздің әріптестеріміз топ жарып, бірінші орынды иеленген еді. Енді, міне республикалық жарыста да сүрінбей, тағы да жүлдегер атанып отыр.

Иә, тілді өркендету – баршаның  ісі. Тіл – тек қарым-қатынас құралы емес, ұлтымыздың биік тұғыры. Бүгінгі күні ішкі істер органдары басшылығының тілге деген жанашырлығы басым, ал қояр талабы  қатаң.

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде іс жүргізу 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік тілге көшірілген. Сол уақыттан бері департаменттің ішкі бұйрықтары, кеңес шешімдері мемлекеттік тілде дайындалып, қабылдануда. Хат-хабарларды қабылдап-жөнелтумен айналысатын бөліністерге құжаттарды мемлекеттік тілде ғана тіркеуге қабылдау жөнінде нұсқау берілді. Қазіргі уақытта бұл талап бұлжытпай орындалуда. Құжат айналымының үлес салмағына тоқталсақ, кіріс құжаттарының 93 пайызы, шығыс құжаттарының 99 пайызы  мемлекеттік тілде. Бұл жақсы көрсеткіш.

Департамент бастығы полиция генерал-майоры Аблазимов Махсудхан Нұғманұлы тікелей өзі іс қағаздарының мемлекеттік тілде сауатты дайындалуына қатаң бақылау жасап, «Қазтест» жүйесі бойынша курстар ұйымдастыру, қызметтік кеңестер мен отырыстарды, барлық мәдени шараларды мемлекеттік тілде ғана жүргізу, қызметкерлердің мемлекеттік тілді үйренуіне баса назар аударып, оларға қатаң талап қою сияқты міндеттерді жүктеді. Нақты тапсырма берілді, қатаң талап қойылды, ендігі міндет – орындау ғана.

БҚО ПД ішкі және сыртқы   коммуникациялар бөлімі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
82 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
298 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
786 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1162 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1087 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1522 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2138 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2305 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2311 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2361 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2365 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2004 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2846 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2899 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2896 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3505 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3475 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3464 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3442 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3603 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3650 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»