«07 АЙМАҚ» – «ПАРАСАТТЫ ПОЛИЦЕЙ» ЖЕҢІМПАЗЫ
Қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығын, сондай-ақ Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу, ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасында мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау мақсатында дәстүрлі «Парасатты полицей» республикалық байқауы оздырылды.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – полиция қызметкерлері арасында мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын арттыру, қолданысын кеңейту, мемлекеттік тілге, еліне, Отанына деген құрметін арттыру, тілдік ортаны қалыптастыру және тіл мәдениетін арттыру.
Сөз құдіретіне арналған осынау байқауда 17 команда сынға түсіп, қазылар алқасының шешімімен Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері қатарынан құралған «07 аймақ» командасы топ жарып, бірінші орынға ие болды. Байқауға қатысушы командалар екі турдан тұратын сынақтан өтіп, жүйріктерді анықтады.
Бірінші тур – «Адал қызмет – басты міндет» деп аталатын таныстыру сайысында командалар полицияда қызмет етудің мәртебесін, жұмыстарының ерекшеліктерін және қызметте қазақ тілін қолданудағы жетістіктерін ерекшелей отырып өздерін таныстырады. Командалар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орай елдегі қауіпсіздікке қосқан үлестерін және «Жұртқа жақын полиция» қағидатына сәйкес қиын да қызықты бір күнгі қызметтерін вайн түсірілімі арқылы көрсетті.
Екінші «Өнертаным» – өнер көрсету кезеңінде 07 аймақ командасының мүшелері Жолбаев Парасат пен Габбасов Омардың орындауындағы жергілікті авторлардың туындысы Естай Рашқалиевтің сөзіне жазылған Қуаныш Кисметовтің «Тәуелсіздік таңы» патриоттық әніне бейнебаян түсірілді.
Айта кетелік, сөз құдіретіне арналған маңызы зор облыс көлемінде ұйымдастырылған биылғы байқауда да біздің әріптестеріміз топ жарып, бірінші орынды иеленген еді. Енді, міне республикалық жарыста да сүрінбей, тағы да жүлдегер атанып отыр.
Иә, тілді өркендету – баршаның ісі. Тіл – тек қарым-қатынас құралы емес, ұлтымыздың биік тұғыры. Бүгінгі күні ішкі істер органдары басшылығының тілге деген жанашырлығы басым, ал қояр талабы қатаң.
Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде іс жүргізу 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік тілге көшірілген. Сол уақыттан бері департаменттің ішкі бұйрықтары, кеңес шешімдері мемлекеттік тілде дайындалып, қабылдануда. Хат-хабарларды қабылдап-жөнелтумен айналысатын бөліністерге құжаттарды мемлекеттік тілде ғана тіркеуге қабылдау жөнінде нұсқау берілді. Қазіргі уақытта бұл талап бұлжытпай орындалуда. Құжат айналымының үлес салмағына тоқталсақ, кіріс құжаттарының 93 пайызы, шығыс құжаттарының 99 пайызы мемлекеттік тілде. Бұл жақсы көрсеткіш.
Департамент бастығы полиция генерал-майоры Аблазимов Махсудхан Нұғманұлы тікелей өзі іс қағаздарының мемлекеттік тілде сауатты дайындалуына қатаң бақылау жасап, «Қазтест» жүйесі бойынша курстар ұйымдастыру, қызметтік кеңестер мен отырыстарды, барлық мәдени шараларды мемлекеттік тілде ғана жүргізу, қызметкерлердің мемлекеттік тілді үйренуіне баса назар аударып, оларға қатаң талап қою сияқты міндеттерді жүктеді. Нақты тапсырма берілді, қатаң талап қойылды, ендігі міндет – орындау ғана.
БҚО ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу