8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Сәуір 2019 2517 0
Өзек

ҰЗЫНСОНАР КЕЗЕКТЕН АРЫЛУДЫҢ ЖОЛЫ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРМЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС

Халықпен тікелей байланыс орнату мақсатында Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің басшысы мемлекеттік қызметтер көрсететін ұйымдарда қызмет алушылармен кездесулер жүргізуде.

Осындай кезекті кездесу «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ның Батыс азақстан облысы бойынша филиалы Орал қаласының  Халыққа қызмет көрсету орталығының №2 бөлімінде және Орал қалалық жұмыспен қамту орталығында өтті.

Кездесу барысында ХҚКО-да қоғамдық қолжетімді пункттеріне және кеңес беру аймақтарында үлкен кезектер анықталды. Кезектердің пайда болуының негізгі себептерінің бірі – халықта электрондық сандық қолтаңбаларының жоқтығы.

Электрондық қызметтерді ХҚКО орталығына жүгінбей алу мүмкіндігінің барына қарамастан азаматтар қоғамдық қолжетімді пункттерінде электрондық анықтамаларды алу үшін үлкен кезектерге тұрады.

Сонымен қатар кездесу барысында Департамент басшысы қызмет алушылармен әңгімелесіп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы және сыбайлас жемқорлық профилактикасы туралы кеңестер берді.

Кездесудің нәтижесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған оның ішінде қоғамдық қолжетімді пункттердің санын көбейту және электрондық қызметтерді алу тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарын күшейту жөнінде тиісті ұсыныстар берілді.

Атап өтілген қызмет алушылармен кездесу шараларын өткізу әжірибесі жүйелі түрде өз жалғасын табады.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
90 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
144 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
332 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
322 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»