ЖОМАРТ ЖАНДАРҒА РИЗАМЫЗ
Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы, айтулы да ғажайып мерекелердің бірі. Ол бала күннен біздердің танымымызда сиқырлы, әрі қайталанбас ғажайып мерекеге айналған. Сол сияқты Орал қаласы Ж.Молдағалиев атындағы №2 ЖОББМ әлеуметтік жағдайы төмен, ата-ананың мейірімі мен қамқорлығына зәру және мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңажылдық ертеңгілік ұйымдастырылды.


Бұл ертеңгілікке 36 оқушы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Балалардың өнерін тамашалап, қуанышымен бөліскен №14 округ бойынша қалалық мәслихаттың депутаты Т.Тлемісов шараның соңында балаларға әкелген жаңа жылдық сыйлықтарын таратты. Сонымен қатар мектебіміздің ата-аналары атынан М.Бектемірова, «Эльдурусин», «Адиль», «Акберлиева» жеке кәсіпкерлітері және мектебіміздің кәсіподақ ұйым мүшелері ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арнайы сыйлықтар берді. Балаларға осындай қуаныш сыйлаған демеушілерге қамқоршы Ш.Сәндібекова ата-аналар атынан алғысын білдірді.
Мектебіміздің Аяз атасы мен Ақшақары үйден оқитын оқушымыз Мерей Жәрдемовтің үйіне барып, әнін тыңдап, жаңа жылдық тәтті сыйлықты табыстап келді.
Адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі – жақсылық, қайырымдылық жасау. Көмек күткен әр жанның жүрегіне жылылық ұялату – барашамыздың борышымыз. Аялы алақанын созып, мерекеде тарту жасаған Тұрарбек Тілемісұлына және жеке кәсіпкер ата-аналарымызға мектеп басшылығы дән риза.
Н.Кенжалиева, Ж.Молодағалиев атындағы №2 ЖОББМ әлеуметтік педагогы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу