8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Ақпан 2019 1833 0
Өзек

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРГЕН 35 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА СОТТАЛДЫ

2018 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Батыс Қазақстан облысынан 35 лауазымды тұлға сотталған. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақовтың мәліметінше, 35 лауазымды тұлғаның 21-і орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, 9-ы жергілікті атқарушы орган, ал 5-і квазимемлекеттік сектор қызметкерлері.

Сотталушы мемлекеттік орган қызметкерлерінің 13-і полиция органдарынан, екеуі – Ұлттық банк, екеуі – мемлекеттік кірістер органдары, біреуі – ішкі мемлекеттік аудит және біреуі– әділет департаментінің қызметкерлері.

Жергілікті атқарушы органдардан, атап айтқанда Ақсай қаласы әкімінің міндетін атқарушы, бір облыстық басқарма басшысы, екі тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы мен бір орынбасары, бір облыстық басқарманың бөлім басшысы, қала және аудан әкімдіктерінің бөлімдерінен үш адам сотталды.

Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасағаны үшін 5 адам жауапкершілікке тартылған. Олардың төтртеуі білім саласы қызметкері болса, біреуі ҚР Қорғаныс істері министрлігінің әскери бөлімі қызметкері.

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін 88 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Оның 82-сі орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен болса, алтауы жергілікті атқарушы органдардан.

Сонымен қатар департамент басышысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерімен таныстырды.

Эльмира НҰМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
81 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
62 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
73 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
143 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
160 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
189 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
145 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
149 0
Мезгіл мәселесі
Ата Заң айшығы: әл-ауқаттың жаңа формуласы
12 Наурыз 2026
156 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»