8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Қаңтар 2019 2312 0
Өзек

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖОЛДАН ТҮСІП КЕТКЕН

Ауа-райының бұзылуы көліктер қозғалысына қиындық келтіруде. Әсіресе жүк көліктері жолдан түсіп кетіп жатқаны түсірілген бейнелер әлеуметтік желілер арқылы таралуда. Кеше, 14 қаңтар күні БҚО төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы аумағынының тұсында қиындыққа тап болған шетелдік жүк көліктеріне көмек көрсетті.

     

Батыс Қазақстан облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының хабарлауынша, 14 қаңтар күні сағат 16.40-та  «Орал-Атырау» трассасының 153 шақырымында, яғни Мерген ауылы аумағында БҚО ТЖД (1 қызметкер) және аудандық әкімшілік (11 жұмысшы және 2 бір. техника) күштері арқылы кюветке (жолдың жанына) түсіп кеткен Түркия азаматына тиесілі «Iveco» жүк көлігі автожолдың тазартылған бөлігіне шығарылған.

Дәл осы күні, дәлірек айтқанда сағат 17.22.-де  «Самара-Шымкент» автотрассасында 350 шақырымында, Сырым ауданының тұсында автожолдан кюветке (жолдың жанына) түсіп кеткен Қырғызстан Республикасының азаматына тиесілі DAF жүк автокөлігі автожолдың тазартылған бөлігіне шығарылды (салонда 1 адам болған. Медициналық көмекке зәру емес). Оқиға орнында БҚО ТЖД (2 қызметкер, 1 бір.техника), «Қазавтожол» ЖШС (3 адам 1 бір.техника) жұмыс істеді.

Сол күні кеште, яғни сағат 22.45-те Ақжайық ауданы «Орал-Атырау» автотрассасының 288 шақырымында  Атамекен және Ақсуат ауылдарының арасында БҚО ТЖД «ЖҚЖ» ММ (11 жұмысшы және 2 бір.техника), «ӨС ж АҚЖҚ» ММ (4 қызметкер және 1 бір. техника), аудандық әкімшілік (3 адам және 2 бір. техника) күштері арқылы кюветке түсіп кеткен Өзбекстан Республикасының азаматына тиесілі DAF жүк а/м автожолдың тазартылған бөлігіне шығарды.

Құтқарылғандар қатарында болған Өзбекстан Республикасының азаматы Мирзакул Рахматиллоев ТЖ және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне жедел көмектері үшін шынайы алғысын білдірді.

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
87 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
141 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
330 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
320 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»