8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қыркүйек 2022 2279 0
Оқиға

Volvo (фура) и МАЗ (бензовоз) автокөліктерінің соқтығысуы орын алды

2022 жылғы 2 қыркүйек күні 15 сағат 09 минутта Орал қаласы Айтқұлов көшесі және Саратов тас жолының қиылысында Volvo (фура) и МАЗ (бензовоз) автокөліктерінің соқтығысуы орын алып, № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Құрметті көлік иелері!

– әрбір көлік құралы көлемі 2 литрден кем емес жарамды өрт сөндіргішпен жабдықталуы тиіс. Бұл жағдайда өрт сөндіргіштің құрылғысын білу және оны қолдана білу керек.
– автокөлік тораптары мен механизмдерін жарамды күйде ұстаңыз;
– аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында зарядтауға жол бермеңіз.
Егер сіздің автокөлігіңіз қозғалыс кезінде жанса, өрт кезінде автокөлікте келесі тәртіп ережелерін сақтаңыз:
– көлікті тоқтатыңыз;
– қозғалтқышты өшіріңіз;
– капоттың құлпын босатыңыз, бірақ қолыңызда алғашқы өрт сөндіру құралдары болғанға дейін капотты ашпаңыз;
– барлық жолаушыларды шығарыңыз;
– өртке қарсы қызметке «101» телефон нөмірі бойынша немесе «112» құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз;
– егер қауіпті болмаса, көлікте бар өрт сөндіргішті пайдалануға тырысыңыз;
Өрт сөндіру кезінде мотор бөлігінде суды пайдаланбаңыз, себебі бұл электр өткізгіштің қысқа тұйықталуына немесе жанып жатқан бензиннің таралуына және жану алаңының ұлғаюына әкелуі мүмкін.
Құрметті автокөлік иелері, өртті сөндіргеннен гөрі алдын алу оңай екенін ұмытпаңыз!

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
90 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
144 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
332 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
322 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»