Теміржол саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті тарапынан «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Орал өңірі бойынша аумақтық бөлімше қызметкерлері және комплаенс-офицердің қатысуымен «Темір жол саласындағы сыбайлас жемқорлық және басқа да құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алу» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп талаптарын сақтау және жеке мүдденің қызметтік шешімдерге ықпалына жол бермеу мәселелері талқыланды.
Семинар-кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерге де тоқталды. Атап айтқанда, мүдделер қақтығысын реттеудің жаңа тәсілдері, байланысты тұлғалар шеңберінің кеңеюі және квазимемлекеттік сектордағы комплаенс-қызметтің тәуелсіздігіне қойылатын талаптардың күшеюі жөнінде түсіндірме берілді.
Қатысушыларға мүдделер қақтығысын уақытылы анықтап, белгіленген тәртіппен реттеу, байланысты тұлғалардың қызметтік шешімдерге ықпалына жол бермеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын ала анықтап, оларды жоюдың маңыздылығы түсіндірілді.
Семинар-кеңес қорытындысы бойынша теміржол саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жүргізу қажеттігі атап өтілді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Теміржол саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды
Казахстан показал свой лучший результат по уровню миролюбия почти за 20 лет
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді
По инициативе Казахстана Генеральная Ассамблея ООН провозгласила Международный день озеленения планеты
Тхонглун Сисулит достас қазақ еліне арнайы сапармен келуге шақырғаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты
БҚО-да Мемлекет басшысының «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
Спорт саласы қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер талқыланды
Отношения между Казахстаном и Китаем находятся на беспрецедентно высоком уровне – К.Токаев дал интервью «Синьхуа»
Кеңсуат негізгі орта мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді

Кіру



