8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Қыркүйек 2026 104 0
Білім

Құспанкөлде мектеп мәртебесі өзгерді

Сырым ауданындағы Құспанкөл елді мекенінде де жаңа шағын жинақты мектеп пайдалануға берілді.

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй, аудан басшылығы мен ауыл тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысының орынбасары ауыл халқына облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің құттықтауын жеткізді.– Президенттің апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу жөніндегі тапсырмасына сәйкес өңірде ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Жаңа оқу жылы қарсаңында 8 шағын жинақты мектептің құрылысы аяқталды. Дәл қазір екінші нысанды пайдалануға бергелі тұрмыз. Жас ұрпақтың сапалы білім алуы үшін жағдай жасау – мемлекеттің стратегиялық мақсат-міндеті, – деді Мирас Мүлкәй.

Бұған дейін Құспанкөлдегі бастауыш мектеп ғимаратының тозығы жетіп, мұнда 21 бала білім алған. Қалған оқушылар негізгі орта білім алу үшін ауылдық округ орталығына қатынап оқитын. Жаңа ғимараттың пайдалануға берілуімен бұл мәселе шешімін тапты. 60 орынға лайықталған мектептің мәртебесі де бастауыштан негізгі орта мектепке өзгерді. KPO b.v. компаниясының әлеуметтік міндеттемелері аясында салынған нысанның құны – 1,4 млрд теңге. Мектепте оқушыларға қажетті оқу және тұрмыстық жағдай жасалған. Бейнебақылау жүйесі орнатылып, ауласы абаттандырылған. Мұнда спорт және ойын алаңдары да бар.

Ауыл тұрғындары жаңа мектептің ашылуын елді мекен өміріндегі маңызды оқиға ретінде бағалап, игілікті іске атсалысқан азаматтарға алғыстарын білдірді.

Д.САҒЫНБАЕВА 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Без рубрики
Семей полигонының жабылғанына – 35 жыл
31 Тамыз 2026
173 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Курчатовта не өзгерді
28 Тамыз 2026
331 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»