8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қыркүйек 2026 108 0
Білім

Орал мектептерінде жаңа оқу жылы басталды

Орал қаласында 1 қыркүйек – Білім күніне орай жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиындар өтті.

Жаңа оқу жылында қала мектептерінде 65 242 оқушы білім алады. Оның ішінде 6 100 оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, бірінші сыныпқа қабылданды.

Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов №1 мектептегі білім күніне арналған салтанатты шараға қатысып, ұстаздар қауымын, ата-аналар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Жиын барысында қала әкімі білім беру саласындағы басым бағыттарға тоқталып, оқушылардың сапалы білім алуына қажетті жағдай қалыптастырудың маңызын атап өтті. Атап айтқанда, білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби біліктілігін жетілдіруге қолдау көрсету және білім алушылар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға назар аударылды.

Жаңа оқу жылында қаладағы білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытында да бірқатар өзгеріс бар. Үш мектепке гимназия мәртебесі берілді. Бұл білім беру ұйымдарындағы оқу процесін жетілдіруге және оқушылардың білім нәтижелерін арттыруға мүмкіндік береді.

Оқушылардың қауіпсіздігіне қатысты жұмыстар да кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. «Қауіпсіз өңір» жобасы шеңберінде 16 мектепке жақын орналасқан көшелерді жарықтандыру көзделген. Бүгінде 11 мектептің маңындағы тиісті жұмыстар аяқталды.

 

Қаланың білім алушылары өткен оқу жылында да түрлі деңгейдегі білім додаларында өз нәтижелерін көрсетті. Облыстық, республикалық және халықаралық байқауларға қатысқан оқушылар жүлделі орындарға ие болып, Орал қаласының білім беру саласындағы жетістіктерін толықтырды.

Алдағы оқу жылында білім сапасын арттыру, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту, сондай-ақ білім алуға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Білім күні құтты болсын!

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Без рубрики
Семей полигонының жабылғанына – 35 жыл
31 Тамыз 2026
107 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Курчатовта не өзгерді
28 Тамыз 2026
267 0
Өңір жаңалықтары
ТАЗА СУ – АУЫЛҒА ЖЕТКЕН ИГІЛІК
28 Тамыз 2026
259 0
Өңір жаңалықтары
ЖАҢА МЕКТЕП – АУЫЛ БОЛАШАҒЫНА ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ
28 Тамыз 2026
242 0
Қалалықтар қаперіне
Ашықтық пен адалдық – басты талап
27 Тамыз 2026
269 0
Қалалықтар қаперіне
БҚО-да жылыту маусымына дайындық 96%-ға жетті
27 Тамыз 2026
257 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»