Қазақстанда Тазы күні алғаш рет аталып өтуде
Қазақстанда ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі саналатын тазыға арналған жаңа мереке – Тазы күні биыл алғаш рет аталып өтіп жатыр. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен соңғы жылдары қазақы ит тұқымдарын сақтау және көбейту бағытында бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде Қазақстан Халықаралық кинология федерациясына мүше болып, 2024 жылы қазақ тазысы халықаралық деңгейде мойындалды. Осылайша, Қазақстан қазақ тазысының тарихи шыққан жері ретінде ресми түрде бекітілді.
Қазақы ит тұқымдарын қорғау мен дамытуға бағытталған арнайы заң да күшіне енді. Сонымен қатар Қазақы ит тұқымдары ұлттық орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Бұл жұмыстар тазы мен төбеттің тұқымдық ерекшеліктерін сақтап, олардың санын арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Қазір асыл тұқымды иттерді өсіруге қызығушылық танытқандардың қатары да көбейген.
Қазақтың құмай тазылары халықаралық көрмелерде ел намысын қорғап, жүлделі орындарға ие болып жүр. Халқымыз ежелден жеті қазынаның бірі деп бағалаған құмай тазы ептілігімен, шапшаңдығымен және тектілігімен ерекшеленетін ұлттық мұра.
Ғасырлар бойы тазы қазақ халқының көшпелі өмір салтымен бірге қалыптасып, ата-баба дәстүрінің маңызды бөлігіне айналды. Сондықтан бұл тұқымдарды сақтау – тек жануарларды қорғау емес, ұлттық тарихымыз бен мәдени мұрамызды дәріптеу.
Айбек Смадияровтың айтуынша, тарихи мұра мен салт-дәстүрді құрметтеу, табиғатты аялау еліміздің негізгі құндылықтарының қатарында. Ал жаңа мерекенің енгізілуі қазақы тазыны кеңінен танытып, ұлттық мұрамызды халықаралық деңгейде насихаттауға мүмкіндік береді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ерлан Кошанов: наша задача – вовремя слышать и чувствовать настроения людей
Орал қаласында Даму және шығармашылық орталығының құрылысы басталады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
Зачаган кентіндегі Науша батыр және Бопай ханым көшелерінде жол жөндеу жұмыстары басталды
Бөрлі аудандық ауруханасын жаңғырту жобасының дайындығы 90%-ға жетті
The World Financial Review: как Казахстан изменил экономическую модель за семь лет президентства Токаева
БҚО-да тазалық ережелерін бұзған 7 мыңнан астам адам жауапқа тартылды
Оралда жүргізуші куәлігінен айырылған азамат есірткіге масаң күйде көлік басқарған
Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді
Ведомствоаралық кеңесте мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Кіру