БҚО-да «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысы аяқталды
Батыс Қазақстан облысында жазғы маусымда жастарды уақытша жұмыспен қамтуға бағытталған еңбек маусымы аяқталды. Биыл жаз айларында өңір бойынша 1600-ден астам жас маусымдық еңбекпен қамтылып, уақытша жұмысқа орналастырылды.
Оның ішінде 1086 жас «Жасыл ел» еңбек жасақтарының құрамында еңбек етті. «Жасыл ел» маусымы өңірімізде
1 маусымда ресми ашылу рәсімінен бастау алған болатын. «Жасыл ел» жобасы жастардың жазғы уақытын тиімді өткізуімен қатар, олардың еңбекке араласуына, алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтауына және қоғамдық ортаға бейімделуіне мүмкіндік береді. Жастар туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне үлес қоса отырып, еңбекқорлық, жауапкершілік және командалық жұмыс секілді маңызды дағдыларды қалыптастырды.
Маусым барысында Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық даму басқармасы өңірдегі барлық деңгейдегі жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтармен бірлесе отырып еңбек жасақтарының жұмысы жүйелі түрде ұйымдастырылып, жастарға қауіпсіз еңбек жағдайлары жасалды. Басқармамен сарбаздар толықтай жұмысқа қажетті киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Белсенді жастар қоғамдық жұмыстарға атсалысып қана қоймай, өңірдегі экологиялық және абаттандыру бағытындағы бастамалардың жүзеге асуына өз үлестерін қосты. Орал қаласының өзінде 500-ге жуық жас қамтылып, оның ішінде 60 жас орман қорын күтіп-ұстау шараларына жұмылдырылды.
Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» идеологиясымен үндесіп, жас буынның елді мекендерді таза ұстауға, қоғамдық орындарға ұқыпты қарауға және туған өлкенің абаттануына жауапкершілікпен қарауына жол ашады. Тазалықты тек науқандық жұмыс емес, күнделікті өмір салтына айналдыруда жастардың белсенділігі айрықша маңызды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Кіру







