8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қыркүйек 2026 476 0
Мәдениет

«Тіл – тұтастық туы» атты жалпыхалықтық тіл фестивалі өтті

Тіл – ұлттың рухани өзегі, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан асыл мұрасы. Ол – ата-бабадан ұрпаққа жеткен аманат, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтатын маңызды құндылық.

Бүгін «Атамекен» өнер ордасында Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай өткен «Тіл – тұтастық туы» атты жалпыхалықтық тіл фестивалінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Төреғалиев құттықтау сөз сөйлеп, тілдің қоғамдағы маңызына, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мен көптілді ортаны дамыту бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Фестиваль аясында тіл мен мәдениетті дамытуға, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтарға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары, сондай-ақ облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

«Алтын көпір» халықаралық фестивалінің қатысушылары да сахна төріне шақырылып, облыс әкімінің атынан арнайы естелік сыйлықтарға ие болды.

Мерекелік шарада Халықаралық Қазақ тілі қоғамының Ресей Федерациясындағы өкілдігінің төрайымы С.Таикешева да құттықтау сөз сөйлеп, тіл жанашырларына ізгі тілегін жеткізді.

Тіл – халықтың жаны, елдің бірлігі мен тұтастығының тірегі. Тілді құрметтеу – тарихты құрметтеу, болашаққа жол ашу. Тілдеріміз ел бірлігі мен татулықтың алтын көпіріне айналып, барша тілге деген құрмет арта берсін!

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Конституция
Конституция – қоғамның тірегі
10 Қазан 2026
75 0
Өңір жаңалықтары
Тың өндіріс: Теректіде су сүзгілері шығарылады
09 Қазан 2026
116 0
Конституция
Еңбек адамы – ел дамуының тірегі
09 Қазан 2026
103 0
«Әділет» партиясы
«Әділет Керуені» партиялық акциясы
08 Қазан 2026
148 0
ЭКСЖ жобасы аясында
Оралда 4 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда
07 Қазан 2026
177 0
Конституция
Аманатқа қиянат жасамайық
04 Қазан 2026
255 0
Таза Қазақстан
Оралда 200-ге жуық ағаш көшеті отырғызылды
03 Қазан 2026
280 0
Без рубрики
Әлеуметтік әділеттілік және қамқорлық
03 Қазан 2026
270 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»