8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Сәуір 2019 2428 0
Өзек

СУ ТАСҚЫНЫ: БҚО-ДА ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті зіл-залалар қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының БҚО су тасқыны жағдайы бойынша ақпаратына сүйенсек, облыс бойынша жағдай тұрақты. Қазіргі қар жамылғысы 26%-дан кем.

Қазіргі уақытта Жайық өзені –  Январцево ауылы тұсында жиексуларОрал қаласы тұсында сирек мұз қозғалысыКөшім ауылы маңында мұз қозғалысы байқалады. Жайық өзені Тайпақ ауылы маңында таза.  Шаған өзені Чувашинск ауылы маңында қалдық кемермұздар бар. Қара Өзен өзені – Қайыңды ауылы маңында жиексулар, Жалпақтал ауылы тұсында – мұз орнында еруде. Сары Өзен өзенінде. (Қошанкөл ауылы тұсы) – мұз күңгірттенді. Сары Өзен өзенінде. (Бостандық ауылы) – мұз орнында еруде, Деркөл өзенінде де (Тасқала ауылы, Белес ауылы) – мұз орнында еруде.

Қар шығару, су өткізу құбырларын тазалау, ойықтарды бұрғылау және мұз кесу жұмыстары аяқталды. Жалпы ауданы 215 мың м2 болатын мұз кесіліп, 29 660 ойық бұрғыланды. Еріген суды шығару жұмыстары жалғасуда. Бүгінге дейін 64 448 м3 су сорылған. 20 адам және 10 бірлік техника, 3 мотопомпа жұмыс жасауда.

Облыстағы өзендерге судың 80 пайызы Ресей Федерациясынан келетінін де ескеру керек. Ресей Федерациясындағы Ирикла су қоймасынан су жіберу 15 м3/сек құрайды. Бос сыйымдылық – 700 млн.м3. Толымдылығы – 79%. Республикалық меншіктегі су қоймаларының орташа толымдылығы 43,4%. Сары Өзен өзенінде Варфоломеев су қоймасынан (РФ) су жіберу бүгінгі күні жүзеге асырылмайды. Толымдылығы – 58,6 %.

Күштер мен құралдардың есебі 2443 жеке құрам мен 707 бірлік техника, 51 жүзу құралы, 266 мотопомпаны құрайды.

Қалыптасқан жағдай бойынша су тасқыны қаупінің жоғары деңгейі Орал қаласында, Тасқала ауданында және Бәйтерек ауданында сақталып отыр. Теректі, Бөрлі, Қазталов аудандарында су тасқыны жағдайының орташа деңгейі байқалады. Шыңғырлау және Жәнібек аудандарында су тасқыны қаупінің деңгейі төмен. Жаңақала, Сырым, Ақжайық, Қаратөбе және Бөкейорда аудандарында қауіп жоқ.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
90 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
144 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
332 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
322 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»