8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Мамыр 2020 6111 0
Қалалықтар қаперіне

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ОНЛАЙН СОҒЫЛАДЫ

Биыл БҚО-да 5142 түлек үлкен өмірге  қанат қаққалы тұр. Олардың 2011-і  Орал қаласы мектептерін тәмамдайтын ұл-қыздар. Оқушылар үшін соңғы қоңырау салтанаты ерекше жағдайда – онлайн форматта өтеді. 

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, 2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша 9 сыныптарды 3640 оқушы аяқтайды. Олардың 175-і «Үздік аттестатқа» үміткер. Ал биылғы оқу жылының түлектері – 2011. Олардың 86-сы «Алтын белгіге», ал 72-сі «Үздік аттестатқа» үміткер. Мектеп бітірушілер биыл елдегі ахуалға байланысты мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсырмайды. Сол себепті аттестатқа жылдық қорытынды баға түспек. «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» иегерлері де  жылдық қорытынды баға негізінде нақтыланады.

– Орал қаласы білім беру бөлімінің 2020 жылғы 12 мамырдағы №88-Ө «Орта білім беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылын аяқтау туралы» бұйрығына сәйкес  оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Соңғы қоңырау 1-10 сыныптарға онлайн форматында ұйымдастырылады. 2020 жылдың 3-4 маусым күндері білім беру ұйымдарының түлектеріне аттестат табыстау рәсімі өтеді, – деді білім беру бөлімінің баспасөз қызметкері Салтанат Ержанқызы.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
90 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
123 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
220 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
200 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»