8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Тамыз 2026 235 0
Өңір жаңалықтары

Өңірдің су шаруашылығын дамытуға бағытталған жобалар қаралды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен өткен кеңесте өңірдегі су шаруашылығын дамытуға арналған 2024–2028 жылдарға арналған кешенді жоспардың іске асырылу барысы сараланды. Жиын барысында жоспар аясында қолға алынған инфрақұрылымдық жобалар мен олардың орындалу деңгейі қаралды.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Молдашевтің мәліметінше, Үкімет бекіткен құжат аясында өңірде жалпы 148 іс-шара жүзеге асырылады. Оның ішінде су қоймалары мен гидротехникалық құрылыстарды салу, жаңғырту және жөндеу жұмыстары бар. Қазіргі уақытта Киров су қоймасы, Чиров, Аяқ және Жақсыбай ауылы маңындағы су нысандарын жаңарту, сондай-ақ Мамай гидроторабын жөндеу жұмыстары аяқталған. Ал Жәнібек, Жайықбай және Жайық–Шалқар каналдарын қайта жаңғырту жалғасып жатыр. Сонымен қатар Жалпақтал су қоймасын салуға қатысты конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Кеңесте су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесіне де назар аударылды. Биыл су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы 12,1 мың гектар егістік алқабын суару жоспарланған болатын. Нәтижесінде белгіленген меже толық орындалып қана қоймай, жоспардан жоғары көрсеткішке қол жеткізілді. Соңғы үш жыл ішінде осындай технологияларды қолдану көлемі 4 874 гектарға ұлғайса, 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті 36,2 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр.

Салаға қажетті білікті мамандар даярлау жұмыстары да кезең-кезеңімен жүргізілуде. Өткен жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Гидромелиорация» білім беру бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама аясында студенттер өндірістік тәжірибеден өтіп, мамандар елімізде және шетелде біліктілігін арттыру мүмкіндігіне ие болуда.

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту бағытында да бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр. Жалпы құны 5,8 млрд теңгені құрайтын төрт жоба шеңберінде екі су сорғы станциясы мен екі кәріз сорғы станциясы қайта жаңартылып, бес жаңа су ұңғымасы бұрғылануда. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, аталған нысандардың барлығы алдағы жылыту маусымы басталғанға дейін пайдалануға беріледі.

Жиында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектеп оқушылары арасында суды үнемді пайдалану мәдениетін қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар да сөз болды.

Кеңес қорытындысында облыс әкімі жауапты сала жетекшілеріне кешенді жоспардың барлық іс-шарасын белгіленген мерзімде әрі сапалы орындауды қамтамасыз етіп, жобалардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Заң және тәртіп
135 автоматты жүйе жұмыс істейді
23 Қыркүйек 2026
54 0
Өңір жаңалықтары
«Дала дәмі» демалыс сайын өтеді
23 Қыркүйек 2026
54 0
Өңір жаңалықтары
ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
22 Қыркүйек 2026
113 0
Таза Қазақстан
Аймақ басшысы ағаш көшеттерін отырғызды
21 Қыркүйек 2026
144 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
277 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
330 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»