8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Шілде 2026 405 0
Құрылтай-2026

Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Ақпараттық кеңістікте жасанды интеллект технологияларының көмегімен дайындалған, саяси партиялар өкілдерінің бейнесі заңсыз пайдаланылған бейнематериалдардың таралуы тіркелуде.

Мұндай материалдар қоғамдық пікірге ықпал ету және ақпараттық манипуляция жасау құралдарының бірі саналады. Олар сайлау процесіне қатысушылардың беделін түсіруге, қоғам назарын саяси партиялардың сайлауалды бағдарламалары мен үгіт жұмыстарының мазмұнынан басқа арнаға бұруға, сондай-ақ дауыс беру қарсаңында қоғамдық маңызы бар ақпарат туралы бұрмаланған түсінік қалыптастыруға бағытталуы мүмкін.

Осыған байланысты саяси партиялардың атынан жарияланатын кез келген мәлімдеме, үндеу, бейнематериал мен өзге де ақпараттық жарияланымдар тек тиісті саяси партиялардың ресми ақпараттық ресурстарында жарияланған немесе жарияланған ақпараттың дұрыстығына жауапты тіркелген бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған жағдайда ғана сенімді ақпарат көзі ретінде қарастырылуы тиіс екеніне назар аударамыз.

Азаматтарды ақпараттық қырағылық танытуға, таратылып жатқан контентке сыни көзқараспен қарауға және оның шынайылығы расталғанға дейін одан әрі таратудан бас тартуға шақырамыз. Егер материалдан жасанды интеллект арқылы генерациялау, монтаждау немесе нақты айтылған мәлімдемелерді бұрмалау белгілері байқалса, ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеріп, жалған ақпарттың таралуына жол бермеу ұсынылады.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
258 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
298 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
333 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
531 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»