8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Тамыз 2026 342 0
Инфрақұрылым

«Сырым» өткізу бекетінің құрылысы қарқын алды

Қазақстан Республикасының Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Нариман Төреғалиевпен бірге Қазақстан–Ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу бекетінде болып, жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.

Жобаны іске асыру 2025 жылдың тамыз айында басталған. Қазіргі таңда құрылыс алаңында 116 жұмысшы мен 20 бірлік арнайы техника еңбек етуде. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Асылбек Марданның мәліметінше, нысанның дайындық деңгейі бүгінде 41 пайызға жеткен.

Жаңғырту аяқталғаннан кейін өткізу бекетінің өткізу қабілеті айтарлықтай артады. Тәулігіне шекарадан өтетін жолаушылар саны 6 мыңнан 10 мың адамға дейін, ал автокөлік ағыны 3 мыңнан 5 мыңға дейін ұлғаяды деп күтілуде. Сондай-ақ алты жолақтың орнына 14 жолақ пайдалануға беріліп, жаңа әкімшілік ғимараттар салынады және кедендік бақылауды жеделдетуге мүмкіндік беретін заманауи рентгендік тексеру жүйелері орнатылады. Жобаның жалпы құны – 20,8 млрд теңге.

Нысанды аралау барысында Көлік министрі құрылыс қарқыны мен сапасына ерекше назар аударып, тапсырыс беруші мен мердігер ұйымдарға жұмысты белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді. Оның айтуынша, «Сырым» өткізу бекеті Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынас үшін ғана емес, Орталық Азия бағытындағы халықаралық жүк тасымалында да маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты құрылыс-монтаж жұмыстарын жеделдету бойынша нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу тапсырылды.

Өз кезегінде облыс әкімі Нариман Төреғалиев шекарадағы өткізу бекетінің тиімді жұмысы екі елдің құзырлы органдары арасындағы үйлесімді өзара іс-қимылға байланысты екенін атап өтті. Сондай-ақ құрылыс мерзімін қысқарту үшін нысанда екі ауысымды жұмыс режимін ұйымдастыру қажеттігін жеткізді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
252 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
292 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
328 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
526 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»