Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Бүгін, 31 шілде күні түсауа Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Корея Республикасында өткен FIRST LEGO League Korea Open Invitational 2026 халықаралық роботтық техника чемпионатында әлемдік рекорд орнатқан Toro Doro командасының мүшелерімен және олардың жаттықтырушысымен кездесті.

Өнертапқыш өрендер 2026 жылғы 3–5 шілде күндері Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өткен халықаралық додада әлемнің 45-тен астам елінен келген үздік командалармен бірге бақ сынаған болатын. Чемпионат Robot Game, Innovation Project, Robot Design және Core Values атты төрт негізгі кезеңнен тұрды. Toro Doro командасы барлық кезеңде жоғары нәтиже көрсетіп, Rising All Star Award Winner («Жұлдызды чемпион») номинациясын және Vice Champion (вице-чемпион) атағын жеңіп алды. Сонымен қатар Robot Game кезеңінде 545 ұпай жинап, әлемдік рекорд орнатты.
Аймақ басшысы жас өнертапқыштарды тарихи жеңісімен құттықтап, олардың бағындырған биігі – тек облыстың ғана емес, тұтас еліміздің мерейін үстем еткен маңызды жетістік екенін атап өтті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялап, цифрлық технологияларды дамытуға, инженерлік білім мен инновацияны қолдауға ерекше басымдық беріп отыр. Бұл еліміздің болашағы білімді, бәсекеге қабілетті әрі технологияны еркін меңгерген жастардың қолында екенін көрсетеді. Бала жасынан өнер-білімге құштар өздеріңізді осы қатардан көретінімізге сенім мол, – деді облыс әкімі Н. Төреғалиұлы.
Команда мүшелері халықаралық додаға дайындық барысын, алған әсерін әкімге айтып берді.
Кездесу соңында чемпионатқа қатысқан барлық оқушыға облыс әкімінің алғыс хаты табысталып, 100 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы берілді. Сондай-ақ, Toro Doro командасының жетекшісі Нұрбол Қырықбаевқа жас таланттарды даярлауға қосқан елеулі үлесі мен кәсіби еңбегі үшін облыс әкімінің Алғыс хаты және 300 000 теңге көлемінде сертификат табысталды.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО тәртіп сақшылары мен жастар заңсыз граффитиге қарсы бірікті
«Қауіпсіздік коды: 102-111-150»: тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!!!
Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді
Елге қызмет еткен тұлғаға құрмет: Мұстақым Ықсановтың 100 жылдығы аталып өтті
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды

Кіру




